Баспасөз релиздері

Түрік компаниясы Қазақстанда суару жүйесін өндіруді жоспарлап отыр

Түрік компаниясы Қазақстанда суару жүйесін өндіруді жоспарлап отыр

«KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ қолдауымен «Akplas» түрік компаниясы Қызылорда облысында ауыл шаруашылығы үшін суарудың заманауи ирригациялық жүйелерін өндіру бойынша инвестициялық жобаны іске асыруға ниетті. Жобаны іске асыру туралы уағдаластыққа түрік тарапының Қазақстанға сапарының қорытындысы бойынша қол жеткізілді.

Сапар KAZAKH INVEST және ҚР Стамбулдағы Бас консулдығының көмегімен ұйымдастырылды. Сонымен, Akplas басшылығының өкілдері Қызылорда облысына барып, оларға перспективалы жер учаскелері таныстырылды. Сапар барысында компания өкілдері жобаны іске асыру бойынша жергілікті атқарушы органдармен келіссөздер жүргізді.

Жобаның құны бірінші кезеңде шамамен $10 млн және орта мерзімді перспективада шамамен $50 млн құрайды. Бірінші кезеңде суару қондырғыларын өндірудің жылдық қуаты 80 мың гектарды құрайды. 5 жыл ішінде қуаттылық 400 мың гектарға дейін ұлғаяды деп жоспарлануда. жоба 2025 жылдың басында пайдалануға беріледі деп күтілуде.

2008 жылдан бастап Akplas Түркияның жаңбырлатып суару секторындағы көшбасшылардың бірі болды.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге