Баспасөз релиздері

Словакиялық компания Қазақстанда жем қоспаларын шығаруды жоспарлап отыр

Словакиялық компания Қазақстанда жем қоспаларын шығаруды жоспарлап отыр

Бүгін, 2022 жылдың 28 сәуірде KAZAKHINVEST кеңсесінде SATURAN s.r.o. (Словакия) компаниясымен кездесу өтті. Штаб-пәтері Братиславада орналасқан компания ауылшаруашылық жануарларына арналған инновациялық органикалық жемшөп қоспаларын өндіреді.

«Біздің компания Қазақстан Республикасын стратегиялық өңір ретінде қарастырады. Біз ішкі сұранысты қанағаттандыратын және сыртқы нарыққа экспортталатын жем қоспаларын өндірумен айналысатын бірлескен кәсіпорын құру мүмкіндігін қарастырып жатырмыз», - деді SATURAN S.r.o. компаниясының тең құрылтайшысы Ярослав Лазар.

Қазақстан Республикасында жобаны іске асыру мал шаруашылығы секторында жұмыс істейтін кәсіпорындардың тиімділігін арттыруға, өнімділікті өсіруге, дайын өнімнің (сүт, ет, жұмыртқа) сапасын жақсартуға, сондай-ақ ІҚМ организмінің әртүрлі ауруларға төзімділігін арттыруға ықпал ететін болады. Өйткені, қоспаның негізгі әсер етуші заты органикалық үйлескен йод түрі болып табылады.


ҚР Словакия Республикасындағы Елшілігі мен KAZAKH INVEST бірлесіп ұйымдастырған SATURN s.r.o. компаниясының Қазақстанға сапары аясында еліміздің ауыл шаруашылығы өндірісі саласындағы жетекші кәсіпорындардың мамандарымен байланыс орнатылды.

Қазіргі уақытта "САТУРАН J" жемшөп қоспасын кәсіпорындарға сынамалы түрде тегін табыстау уағдаластығына қол жеткізілді. Мақсат - ІҚМ үшін ет және сүт өнімдеріне қоспаларды қолдану арқылы оның тиімді, тиімсіздігіне көз жеткізу.  Ет шаруашылығына арналған зерттеулер – 3 айға, сүт шаруашылығына арналған зерттеулер - 6 айға созылмақ.

Бірінші кезеңді іске асыру барысында компания құрамында витаминдер, минералдар және микроэлементтер басым болатын премикстерді өндіруді көздеп отыр.


Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге