Баспасөз релиздері

Швейцария холдингі Қазақстандағы инвестициялық қызметті кеңейтуде

Швейцария холдингі Қазақстандағы инвестициялық қызметті кеңейтуде

Ағымдағы жылдың 19 наурызында «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ алаңында Ұлттық компанияның Басқарма төрағасы Ержан Елекеевтің «Eurasia Swiss Holding AG» өкілдерімен кездесуі өтті.

Кездесу барысында тараптар швейцариялық холдингтің Қазақстандағы қызмет салаларын кеңейту ниетін талқылады. Атап айтқанда, Eurasia Swiss Holding AG инновациялық медициналық орталық салуға және елдегі агроөнеркәсіптік жобаларды іске асыруға мүдделі.

Осылайша, Денсаулық сақтау саласында холдинг позитронды-эмиссиялық томография және компьютерлік томография қызметтерін көрсету бойынша Медициналық орталық салу мүмкіндігін қарастыруда. Холдингке кіретін «Eurasia Swiss Holding Investment» ЖШС директоры Гүлмира Аматованың айтуынша, орталықтың ашылуы томографияның жаңа технологиялары мен әдістерін енгізу арқылы онкологиялық аурулармен ауыратын науқастардың өмір сүру сапасына, сондай-ақ олардың халықтың қалың бұқарасына қолжетімділігін қамтамасыз етуге оң әсер етеді.

АӨК саласында холдинг Қостанай облысында жалпы құны $62 млн. болатын сүт-тауар фермалары мен сүт зауытын салу мүмкіндігін қарастыруда, холдингке кіретін «Eurasia Farm Innovation» ЖШС директоры Қайрат Бисетаевтың айтуынша, компания Қазақстанда мал шаруашылығын және сүт өндіру жүйелерін басқаруды дамытуға елеулі үлес қоса алады. Оның ішінде, компания елімізде бейінді оқыту орталығын салуға мүдделі.

Кездесу барысында Ержан Елекеев Швейцария өкілдеріне ҚР инвестициялық ахуалы, KAZAKH INVEST қызметі және мемлекеттік қолдау шаралары туралы айтып берді. Өз кезегінде Eurasia Swiss Holding AG өкілдері жоғарыда аталған жобалар бойынша ҚР Үкіметімен инвестициялар туралы келісім жасасу мүмкіндігін қарастыруға қызығушылық білдірді. Кездесу қорытындысы бойынша Тараптар перспективалы жобаларды іске асыруда инвестициялық ынтымақтастықты нығайтуға келісті.

Анықтама:

Швейцариялық «Eurasia Group Kazakhstan» холдингінің еншілес компаниясы Ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарын жеткізеді, техниканы сервистік сүйемелдеуді, сондай-ақ мал шаруашылығын басқару қызметтерін ұсынады. Компанияның қызметі Қазақстандағы 14 өкілдікті және Қырғызстандағы 2 өкілдікті 600 адамнан тұратын қызметкерлердің жалпы штатымен біріктіреді.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге