Баспасөз релиздері

Швейцариялық инвестор: Қазақстан уылдырық өндірісі бойынша әлемдік көшбасшы бола алады

Швейцариялық инвестор: Қазақстан уылдырық өндірісі бойынша әлемдік көшбасшы бола алады

«Сaviar House & Prunier Group SA» және «Swiss Choice Holding SA» компаниялары уылдырық өнімдері мен балық етін өндіру бойынша бірқатар жобаларды құруға және қазақстандық уылдырық сапасын халықаралық зерттеулерге инвестиция құюға ниетті. Бұл туралы «Swiss Choice Holding SА» компаниясының атқарушы директоры Завье Рей және «Swiss Choice Holding SA» компаниясының басшысы Кристиан Рей ҚР СІМ Инвестициялар комитетінің төрағасы Ардақ Зебешев және «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Жандос Темірғалимен кездесу барысында хабарлады.

Швейцария тарапының айтуынша, олар Қазақстанда жалпы сомасы кемінде $10 млн болатын уылдырық фермаларын құруды жоспарлап отыр, қазіргі уақытта еліміздің бірқатар өңірлеріндегі бірнеше қазақстандық әріптестермен келіссөздер жүргізілуде.
Саланы дамыту мен заманауи технологияларды енгізуден басқа, швейцариялық бизнесмендер халықаралық нарықта уылдырық дистрибуциясының жаңа арналарын іздеумен және қазақстандық мамандарды оқытумен айналысуға ниетті.

«Біздің серіктестеріміз осындай жобаларды Францияда жүргізуде. Қазақстанның балық өсіру кешендерінде жылына 50 тонна уылдырық және 500 тонна балық етін өндірүді ұйымдастыру әбден мүмкін екенін атап өткіміз келеді. Біз қазақстандық уылдырық өнеркәсібін бұрынғы даңқына қайтаруға және брендті танымал етуге ниеттіміз. Тұрақты ұзақ мерзімді бизнес пен жұмыс орындарын құру біздің жоспарымызда», - деп атап өтті «Swiss Choice Holding SA» компаниясының атқарушы директоры Завье Рей.


Өз кезегінде, ҚР СІМ Инвестиция комитетінің төрағасы Ардақ Зебешев қазақстандық тараптың жобаны табысты іске асыруға мүдделі екенін және оны іске асыру кезінде барлық жерде қолдау көрсетуге дайын екенін атап өтті.

«Жобаны іске асыру барысында сіз инвестициялық келісімшарт жасасу аясында мемлекеттен қосымша қолдау ала аласыз. Бірінші кезекте, бұл импортқа кедендік баждар мен ҚҚС-тан босату. Сонымен қатар, бірқатар салықтар бойынша жеңілдіктер, сондай-ақ мемлекеттік заттай гранттар қарастырылған», - деп атап өтті Ардақ Зебешев.


Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Жақында швейцариялық инвесторлар ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешевпен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды және балық өсіру шаруашылығын құру бойынша жобаны іске асыру жоспарларын ауыл шаруашылығы вице-министрі Жеңіс Өсербаймен талқылады.


Жоғарыда көрсетілген құжаттарға қол қою ҚР СІМ, ҚР Швейцария Конфедерациясындағы Елшілігі және «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ желісі бойынша инвесторлармен егжей-тегжейлі пысықтау жүргізілді. Өткен жылдың қараша айында Швейцарияда өткен инвестициялық дөңгелек үстел аясында Мемлекет басшысының қатысуымен B2B форматында кездесулер, балық өнеркәсібі жобаларын талқылау бойынша әлеуетті инвесторлармен нақты келіссөздер ұйымдастырылды.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге