Баспасөз релиздері

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының негізгі ережелері түсіндірілді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының негізгі ережелері түсіндірілді

2022 жылғы 13 қазанда "KAZAKH INVEST" ҰК" АҚ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметінің басшысы Данияр Райымбаев Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 2 ақпандағы № 802 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының ережелерін түсіндіру бойынша семинар өткізді.

36598745645656.jpeg

KAZAKH INVEST ұжымы сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің миссиясы туралы хабарлады. Оның негізгі міндеті – тиісті ұйымның және оның қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтауын қамтамасыз ету.

Спикер "сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының нормасын атап өтті. Оған сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды өз құзыреті шегінде барлық мемлекеттік органдар, ұйымдар, мемлекеттік сыңайлы сектор субъектілері мен лауазымды адамдар жүргізуге міндетті.

Іс-шара барысында 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының негізгі ережелері және мемлекеттік сыңайлы сектор субъектілерінің алдына қойылған міндеттер түсіндірілді. Тұжырымдаманың сыбайлас жемқорлық алғышарттарын жүйелі түрде жоюға, жауапкершіліктің бұлтартпастығын қамтамасыз етуге, қоғамдық сананы түбегейлі өзгертуге, халықтың сыбайлас жемқорлық пен непотизмнің кез келген түрінен бас тартуын қалыптастыруға, алдын алу шараларының басымдығына бағытталғаны атап өтілді.

Сонымен қатар, Transparency International сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексі бойынша Қазақстанның рейтингі және Transparency Kazakhstan сарапшылары жасаған сыбайлас жемқордың әлеуметтанулық портреті ұсынылды.

Семинардың қорытынды бөлімінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманың нормалары түсіндірілді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың алдын алу шараларын басымдықпен қолданудың және парасаттылық қағидаттарын ұстанудың маңыздылығы белгіленді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы тақырыптық бейнероликтер көрсетіліп және әріптестерді қызықтырған сұрақтарға жауаптар берілді.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге