Баспасөз релиздері

Бангкокта сауда диалогын кеңейту мәселелері талқыланды

Бангкокта сауда диалогын кеңейту мәселелері талқыланды

2019 жылғы 31 шілдеде Қазақстан Елшісі Раушан Есболатова Қазақстан мен Таиланд арасындағы сауда диалогын дамыту мен өзара тиімді ынтымақтастықты үйлестіру мақсатында таиландтық іскерлік топтарымен кездесу өткізді, деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Таиландтың кәсіпкерлерімен пікір алмасу форматында өткен әңгіме барысында Елші Қазақстанның Бангкоктағы Елшілігі таиландтық және шетелдік кәсіпкерлер үшін өзара әрекеттесу тізбегін – Елшіліктен бастап жергілікті атқарушы органдарға дейін «СІМ – шетелдік мекемелер – өңірлер» форматында бағыттаушы рөл атқаратынын еске салды.

Қатысушылар ауыл шаруашылығы, азық-түлік, жеңіл өнеркәсіп және т.б. арнайы экономикалық және индустриалды аймақтар шеңберіндегі инвестициялық мүмкіндіктермен таныстырылды.

Қазақстан қазіргі таңда жаңа инвестициялық даму кезеңінде және көптеген бизнес мүмкіндіктері бар мемлекет болып табылатындығы және инвестициялық жобалардың шетелдік қатысушылары үшін ерекше жағдайлар жасалатындығы туралы айтылды.

Кездесу соңында тараптар Қазақстан аймақтарына бірлескен іссапарларды ұйымдастыруды жалғастыруға келісті. Биылғы жылдың маусым айында таиландтық компаниялардың өкілдері Алматыға сапар шегіп, әлеуетті серіктестермен және «Kazakh Invest» ҰҚ» АҚ өкілдерімен кездесулер өткізгені мәлім.

Қөзі: inform.kz


Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге