Баспасөз релиздері

Қазақстан мен Италия инвестициялық ынтымақтастықты дамытуда

Қазақстан мен Италия инвестициялық ынтымақтастықты дамытуда

Италияға жұмыс сапары барысында Инвестициялар комитетінің төрағасы Ғабидолла Оспанқұлов және «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Италия Республикасындағы шетелдік өкілі Алтынай Мұқанова ірі итальяндық компаниялардың басшылығымен кездесулер өткізді. Кездесуде тараптар инвестициялық ынтымақтастықты тереңдету мүмкіндіктерін талқылады.

Осылайша, итальяндық «Carmec» өкілдері Қазақстанның тамақ өнеркәсібіндегі үлкен әлеуетін ескере отырып, ірімшік өндіретін зауыт салу жобасын іске асыруға ниет білдірді.

Сондай-ақ, Ғ. Оспанқұлов «Coms» компаниясымен кездесуде су ресурстарын басқару технологияларын енгізу мәселелерін талқылады. Комитет басшысы Қазақстан су ресурстарын бөлуде кешенді тәсіл мен стратегиялық шешімдерді талап ететін бірқатар маңызды проблемаларға тап болып отырғанын атап өтті. Осыған байланысты «Coms» компаниясының су ресурстарын басқару саласындағы тәжірибесін зерделеу және қолдану маңызды.

photo1717131271.jpeg

Сонымен қатар, «Roma Capital Investment Foundation» қоры АӨК және трактор құрылысы саласындағы жобаларға қызығушылық танытты. Келіссөздер барысында итальяндық компаниялар Қазақстанның инвестициялық ахуалымен және инвестицияларды тартудың жаңа құралдарымен танысты.

Итальяндық бизнес-қоғамдастық өкілдері бірлескен перспективалық жобаларды іске асыруға үлкен қызығушылық танытты және қазақстандық әріптестермен табысты ынтымақтастыққа үміт білдірді.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге