Баспасөз релиздері

Жарма ауданындағы цемент зауытының өнімділігі жылына 1,2 млн тоннаға дейін ұлғаяды

Жарма ауданындағы цемент зауытының өнімділігі жылына 1,2 млн тоннаға дейін ұлғаяды

Абай облысының Жарма ауданында орналасқан цемент зауытын қалпына келтіру және жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Соның арқасында жылдық өнімділік 1,2 млн тоннаға дейін артады. Жоба «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ қолдауымен жүзеге асырылуда.

Ұлттық компания баспасөз-қызметінің хабарлауынша, 2021 жылы «International Cement Group» Сингапур компаниясы Қазақстанда «Sharcem» ЖШС ашты (активтерінің 60% сингапурлық компанияға тиесілі, қалған 40% - Қазақстан тарапына тиесілі). Кәсіпорын 7,1 млрд теңгеге (шамамен $16 млн) Шығыс Қазақстан облысының (ескертпе: 08.06.2022 жылдан бастап Абай облысы) Жарма ауданында әрекетсіз тұрған цемент зауытын сатып алды. Зауыт сол кезде «Қазақцемент» ЖШС тиесілі болған және «Қазақстан Даму Банкінде» кепілде болған.

KAZAKH INVEST компаниясының аймақтық өкілі Нартай Бейсековтың айтуынша, жоба «Индустрияландыру 4.0» стратегиясын іске асыруға, қазақстандық өндірістің құрылыс материалдарының экспортын арттыруға және ішкі нарық пен Орта Азия елдерін жоғары сапалы және экологияға сәйкес келетін негізгі құрылыс материалымен қамтамасыз етуге бағытталған.

Жобаны іске асыру кезінде жоғары деңгейде сүзу жүйелері мен шаң тұтқыш құрылғыларды қамтитын үздік әлемдік стандарттарға сәйкес келетін озық технологиялар мен бірінші класты техникалар қолданылуда. Өндірістік процестерді басқару және бақылау үшін DCS зияткерлік жүйесін енгізу жоспарлануда. Кәсіпорын өнімінің негізгі түрі МЕМСТ 31108-2016 және МЕМСТ 10178-85 сәйкес маркалармен (М400, М450, М500) шығарылатын болады.

«Жаңғыртылған кәсіпорын ескірген энергия шығындайтын "дымқыл" тәсілге қарағанда өндірістің алдыңғы қатарлы "құрғақ" тәсілін пайдаланатын болады, сондай-ақ қоршаған ортаға кері әсерін барынша азайтатын тиімді шешімдер мен технологияларды қолданатын болады. Сонымен қатар, цемент – бұл табиғи материал, оның құрамына саз, гипс, қиыршық тас, су сияқты табиғи компоненттер кіреді. Оның өндірісіне химиялық реактивтер мен металдар тартылмаған», - деп атап өтті Нартай Бейсеков.

Жаңғырту кезеңінде инвестициялар көлемі 9 млрд теңгені құрап 700 жұмыс орны құрылады, ал пайдалану кезеңінде – 300-ден астам жұмыс орны болады. Кәсіпорын 2022 жылдың үшінші тоқсанында пайдалануға беріледі. Өндіріс толық жобалық қуаттылыққа 2023 жылы шығады.

Сондай-ақ, Қазақстан-Сингапур кәсіпорны 2020 жылы Алматы облысында қуаттылығы жылына 1,2 млн тонна жалғыз цемент зауытын салу жобасын іске асырды. Инвестиция сомасы 47 млрд теңгені құрады.

Анықтамалық:

International Cement Group – Сингапур Биржасының негізгі алаңында тіркелген жетекші өндіруші. Компанияның негізгі қызметі – цемент өндіру, сату және тарату.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге