Баспасөз релиздері

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев 2018 жылдың 18 қазанында Бельгия Корольдігіне сапары аясында еуропалық іскерлік ортаның өкілдерімен кездесті

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев 2018 жылдың 18 қазанында Бельгия Корольдігіне сапары аясында еуропалық іскерлік ортаның өкілдерімен кездесті

Президентпен кездесуге 25 ірі еуропалық компаниялар мен ТҰК басшылары, оның ішінде Royal Dutch Shell, Alstom, Claas Group, Borealis, Linde Group сияқты компаниялардың басшылары қатысты. 

Кездесу қатысушыларының алдында сөз сөйлей отырып Президент Қазақстан іскерлік және инвестициялық ортаны жақсарту үшін жүйелік шаралар қабылдап жатқандығын айтып өтті. Еуропалық бизнесмендер болса өз кезегінде Қазақстанға инвестиция салудың жағымды тәжірибесімен бөлісті және еуропалық іскерлік қауымдастықты қазақстандық нарықты белсендірек игеруге шақырды. 

Қазіргі күні кездесу қатысушылары 16 миллиард АҚШ долларынан астам сомаға 7 инвестициялық жобаны жүзеге асырды. Іске асырылған жұмыстардың ішінде Shell мұнай өнеркәсібіндегі жобалар, Alstom компаниясының электровоздары мен трансформаторлары, Шымкент қаласындағы Polpharma фармацевтикалық фабрикасы бар. Іске асыру сатысында жоғары сапалы құрылыс материалдарын өндіруге, күн электр станциясының құрылысына, картопты қайта өңдеуге және басқаларға бағытталған тағы 6 жоба бар. Осы инвестициялық жобалардың жалпы құны 300 миллион АҚШ долларынан асады. Болашақта еуропалық инвесторлардың қатысуымен тағы 12 өндірісті іске қосу қарастырылуда. 

Сапар барысында «KAZAKH INVEST» АҚ басқарма төрағасы Сапарбек Тұяқбаев еуропалық бизнесмендермен бірқатар кездесулер өткізді, онда әлеуетті инвесторлармен ынтымақтастықты одан әрі дамытудың перспективалары мен жобалары талқыланды. Әңгімелесу барысында «Carmeuse Group» трансұлттық корпорациясының өкілдері Қарағанды облысындағы Сарыопан кен орнында 1-сұрыпты әктас өндіру зауытын салу жөніндегі ірі инвестициялық жобаның барысы туралы әңгімеледі. Қазіргі уақытта зауыт құрылысының ТЭН және ЖСҚ әзірленуде, өндіріс технологиясы анықталды, жер телімі және жер қойнауын пайдалану құқығы берілді.  

Төраға бельгиялық Van Hool машина жасау компаниясының басшылығымен одан әрі ынтымақтасу перспективаларын талқылады. Компания Қазақстанда автобустар шығаратын бірлескен кәсіпорын ашуға қызығушылық танытуда. Van Hool өкілдері жаңа технологиялардың трансфертін жүзеге асыруға, жұмыс орындарын құруға және жергілікті кадрларды оқытуға, елде бар автобустармен қатар жаңа автобустарға да қызмет көрсетуге арналған сервистік орталықтар ашуға дайын екендігін білдірді. 

Бірлескен жұмыстың перспективаларын талқылау барысында Tonnies Holding ірі неміс азық-түлік компаниясының басшысы Клеменс Тонниес ет өңдеу зауытын салу бойынша бірлескен қазақстандық-неміс инвестициялық жобасын жүзеге асыру жоспарлары туралы әңгімелеп берді. Кәсіпорын құрамына шошқа фермасы, құс фабрикасы, бордақылау алаңы, мал азығын өндіру кіреді. Бүгінгі күні германдық тарап жобаны жүзеге асыру үшін әлеуетті қазақстандық әріптес және аймақты таңдау. 

KAZAKH INVEST қолдауымен болған диалог аяқталғаннан соң жүзеге асырылып жатқан жобалар мен жаңа бастамалар толығырақ талқыланған қазақстандық делегацияның ірі еуропалық компаниялардың басшыларымен бірқатар жеке кездесулері өтті. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі мен Еуропалық Қайта құру және Даму Банкі арасындағы Оңтүстік-Қазақстан облысындағы қуаты 28 МВт болатын күн электр станциясын салу туралы меморандумда бекітілген нақты келісімдерге қол жеткізілді. Жобаның жалпы құны 35 миллион АҚШ долларын құрайды. Жобаны қаржыландыруды теңгемен ұсыну жоспарлануда. 

«KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ қолдауымен« Астана »ӘКК» АҚ және Халықаралық сауда орталықтары қауымдастығы (WTCA) арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Меморандумның негізгі мақсаты – Астана қаласының әкімдігі мен Халықаралық сауда орталықтары қауымдастығы (WTCA) арасындағы тиімді және өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту шеңберінде Астана қаласында Дүниежүзілік сауда орталығының «WTCA» құрылысы. Қол қойғандар «Астана» ӘКК»ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Нурлан Жакупов пен WTCA атынан өкіл ретінде әрекет ететін Nest Investments Holdings компаниясының директоры Mehram Eftekhar. 

Анықтама үшін:

Еуропалық Қайта құру және Даму Банкі (ЕҚДБ, ағылш. European Bank for Reconstruction and Development, EBRD) - Орталық Еуропадан Орталық Азияға дейінгі 34 елде нарықтық экономика мен демократияны қолдау үшін 1991 жылы 61 ел және екі халықаралық ұйым құрған инвестициялық механизм. Халықаралық ұйым ретінде ЕҚДБ қызметкерлердің заңдық қолсұғылмаушылығы сияқты бірқатар артықшылықтарға ие. 

«Astana» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ - жалғыз акционері болып Астана қаласының әкімдігі табылатын аймақтық даму институты. Қазақстанда әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды құру идеясы ел Президентіне тиесілі. Дамыған елдердегідей, бірқатар мемлекеттік активтерді біріктіретін, жергілікті жердегі бизнес бастамаларды дамытуға бағытталған компаниялар құрылды. «Astana» ӘКК» ҰК» АҚ 2006 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен құрылды. 

Халықаралық сауда орталықтарының қауымдастығы (WTCA) - халықаралық саяси емес ұйым, халықаралық сауда мен инвестицияларды дамытуға жәрдемдесу үшін ең танымал әлемдік брендтердің бірі. WTCA штаб-пәтері АҚШ-та орналасқан. WTCA пайда болғаннан бері 40 жыл ішінде әлемнің 90-нан астам елінде 330-дан астам нысан салынды және 15 мыңнан астам жұмыс орны құрылды. Нысандар Нью-Йорк, Амстердам, Токио, Сеул сияқты әлемнің ірі қалаларындағы көрікті орындар болып табылады. 

Van Hool - автобустар, троллейбустар, жартылай тіркемелер және цистерналарды қоса алғанда, көлік құралдарын өндірумен айналысатын бельгиялық машина құрастыру компаниясы. Компания жылына шамамен 1400 автобус шығарады, оның 80% -ы Еуропа мен Америка нарықтарына экспортталады. Қызметкерлер саны - 4,5 мың адам. Жылдық табыс шамамен 600 миллион еуроны құрайды. Компанияның сонымен қатар Македонияда да автобус құрастыру зауыты бар және қазіргі уақытта АҚШ-тағы (Теннеси штаты) жаңа зауыт құрылысына 50 миллион доллар инвестициялауда. 

Tоnnies Holding тамақ өнеркәсібіне мамандандырылған және бүгінгі күні Германиядағы ең ірі шошқа мен ірі қара малдың сою алаңына ие, сондай-ақ ет өнімдерін өңдейді. Компания супермаркеттерге, бөлшек, көтерме және басқа да тұтынушыларға жеткізілетін балғын және мұздатылған ет өнімдерін шығарады. Tоnnies Holding Германия, Дания, Франция, Польша және Ұлыбританияда орналасқан 9 өндіріс орындарына ие. 2017 жылдың соңындағы табысы - 6,3 млрд еуро.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге