Баспасөз релиздері

2018 жылғы 16 қазанда Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев өзінің Финляндия Республикасына сапары аясында жетекші финдік компаниялармен және ТҰК-пен кездесті

2018 жылғы 16 қазанда Қазақстан Республикасының Президенті                        Н. Назарбаев өзінің  Финляндия Республикасына сапары аясында жетекші финдік компаниялармен және ТҰК-пен кездесті

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Финляндияның Nokia, Wartsila, Vaisala, Metso, Koja, Nurminen Logistics сияқты ірі компаниялары және ТҰК өкілдерімен кездесті. Сапар қорытындысы бойынша жалпы сомасы 545 миллион АҚШ долларына 20-дан астам коммерциялық және коммерциялық емес құжаттарға қол қойылды.

Кездесу барысында финдік бизнесмендер Қазақстандағы өз ағымдағы қызметтері, сондай-ақ екіжақты ынтымақтастықты дамыту жоспарлары мен перспективалары жайлы айтты. Президент өз кезегінде Финляндия Республикасы Солтүстік Еуропадағы Қазақстанның маңызды сауда-экономикалық әріптестерінің бірі болып табылатынын атап өтті.

Диалогқа қатысушылар ынтымақтастықты арттыру және фин компанияларының қазақстандық нарыққа шығуы үшін жоғары әлеует бар екенін атап өтті. Бұл өндірісті оқшаулауды, бірлескен компаниялар ашуды және инвестицияны көздейді.

Сапар аясында «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ қазақстандық-финдік іскерлік қабылдау ұйымдастырды. Оның барысында екі елдің бизнесмендері тікелей байланысты реттеу және нақты уағдаластыққа қол жеткізу мүмкіндігін алды. Сонымен, қабылдау аясында жалпы сомасы 545 млн АҚШ долларына 22 екіжақты коммерциялық және коммерциялық емес құжаттарға қол қойылды.

Солтүстік инвестициялық банк және ҚР Үкіметінің басшылығы арасында Шекті келісім жасалды, ол ҚР аумағында мемлекеттік-жеке әріптестік қағидаты бойынша жобаларды қаржыландыруға, капитал салу (инвестициялар, корпоративтік және тәуелсіз қарыз, банктік кепілдіктер) технологиялар трансферті үшін жағдай жасауға бағытталады.

«Kazakh Invest» ҰК» АҚ Басқармасының төрағасы Сапарбек Тұяқбаев инженерлік жабдықты өндіру бойынша жобаны іске асыру туралы «Kazakh Invest» ҰК» АҚ мен Koja компаниясы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Сондай-ақ «Kazakh Invest» ҰК» АҚ мен құрамына бірқатар финдік компаниялар (Kone Corporation, Wartsila, Stora Enso, Kesko, Nokia Corporation) кіретін финдік өнеркәсіпшілер конфедерациясы арасындағы ынтымақтастық және өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Диалог барысында Конфедерация Қазақстан Республикасының аумағында жобаларды іске асыруға мүдделілік білдірді.

2018 жылғы қазанда «KTZ EXPRESS» АҚ мен «Nurminen Logistics» арасындағы контейнерлік тасымалдарды дамыту туралы қол қойылған келісім қорытындысы бойынша тараптар Ресей және Қазақстан аумағы арқылы Финляндия мен Қытай арасында тұрақты контейнерлік тасымалды іске қосуға ниетті. Бұл уағдаластық теңіздік көлік орнына темір жол бойынша контейнерлерді тасымалдауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді және Финляндиядан Қытайға дейінгі жол уақытын қысқартуға жәрдемдеседі. 

ҚР Энергетика министрлігі мен Wаrtsilа компаниясы басшысының арасында қол қойылған меморандумды іске асыру аясында тараптар Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласында қуаты 50 МВт бу-газды қондырғы салу мүмкіндігін қарауға ниеттенуде. ҚР-дағы компаниялардың іске асырған жобаларының арасында – 2015 жылы пайдалануға берілген Ақтөбе рельсбеларалық зауыты үшін электр станциялары, сондай-ақ Маңғыстау облысындағы «КазАзот» зауыты үшін электр станциясы. 

Анықтама үшін ақпарат: 

Финдік өнеркәсіпшілер конфедерациясы – Финляндияның жетекші құрылымы, ол бизнес пен компанияның барлық секторларын қамтиды. Конфедерация құрамына кіретін компаниялар мен кәсіпорындар 70% ЖІӨ және Финляндияның 95% экспортын шығарады.980 мың адам жұмыс істейтін 16 мың кәсіпорындар мен фирмаларды біріктіретін 27 салалық мүшелік ұйымдар бар. Конфедерация басқармасының мүшелері Kesko Corporation, Lappset Group Oy, Kone Corporation, Metsa Group, OP-Pohjola Group, Orion Corporation, Elisa Corporation, Nokia Corporation сияқты компаниялардың басшылары.

Koja компаниясы қоршаған ортаға минималды жүктемемен желдеткіштік жүйелерді құру бойынша энергия тиімді шешімдерді әзірлеумен айналысады. Бүгінде әлемде түрлі өнеркәсіптік мақсатта Koja фирмасының 20 000-нан астам желдеткіштері пайдаланылуда. Koja компаниясының жабдығы энергетикалық сектор, целлюлоза-қағаз өнеркәсібі, мұнай-химиялық кешен, металлургиялық және тау-кен өнеркәсібі кәсіпорындарында пайдаланылады.

Nurminen Logistics - жоғары сапалы логистикалық қызметтер, оның ішінде темір жол тасымалы, жобалық жүктер тасымалы, сондай-ақ жүктерді өңдеу және жөнелту бойынша қызметтерді қамтитын финдік компания. Компания бөлімшелерінің желісі транзиттік контейнерлік тасымалдау маршруты бойынша логистика үшін маңызды Финляндия мен Ресейдің тораптық нүктелерін қамтиды. Қазақстан компанияның негізгі нарықтарының аймағына енгізілген. 2018 жылдың бірінші жартысында компания қызметінің таза сомасы 40,6 млн еуроны құрайды. Тауар айналымы 2017 жылы 75 млн еуроны құрады.

Солтүстік инвестициялық банк – Скандинавия және Балтық елдерінің ірі кредиттік-қаржылық институты. Хельсиникиде штаб-пәтермен банктің негізі 1975 жылы қаланған. Банк Солтүстік Еуропада да (инфрақұрылымға, экологияға, білім саласына инвестиция), одан тыс жерлерде де (Солтүстік Еуропа елдерінен компаниялардың әріптес-фирмаларына жәрдемдесу) мүше елдер үшін мүдделілікті қамтитын жобаларды қаржыландырады. Банктің оның жарғылық капиталынан 250%-ға дейін асатын ұзақмерзімді қаржы ресурстарын бөлу және кепілдік беру құқығы бар. Банктің жарғылық капиталы 6,1 млрд еуроны құрайды. 

Wаrtsilа кемелік энергетикалық қондырғы, электр станциясы, бұрандалы механизмдер, кемені басқару жүйесі және басқа да жабдықтар өндірісіне маманданған. Компанияның негізі Хельсиники қаласындағы штаб-пәтермен 1834 жылы қаланған. Қазіргі уақытта комания штаты 70 елде 160 өкілдікте жұмыс істейтін 19 мың қызметкерден тұрады. Компания қызметі 3 бағытқа бөлінген - электростанцияларын (34%), кемелік энергетикалық қондырғыларын шығару (26%) және сервистік қамтамасыз ету (40%). 2017 жылы компания айналымы шамамен 5 млрд. еуроны құрады.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге