Баспасөз релиздері

Польша Қазақстанды инвестициялар үшін тартымды нарық ретінде қарастыруда

Польша Қазақстанды инвестициялар үшін тартымды нарық ретінде қарастыруда

Польшамен сауда-экономикалық қатынастарды дамыту мәселелері «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Жандос Темірғалидің Вроцлав агломерациясының Вице-мэрі Якуб Мазурмен, сондай-ақ «ARAW» Вроцлав агломерациясын дамыту агенттігінің басшылығымен және Польшаның Инвестициялар және сауда агенттігінің (PAIH) өкілдерімен кездесуі шеңберінде талқыланды.

Кездесу барысында Жандос Темірғали поляк тарапын инвестициялық ахуал, қаржы құралдары, жобаларды іске асырудың негізгі артықшылықтары және Қазақстандағы инвестицияларды мемлекеттік қолдау шаралары туралы хабардар етті. Сондай-ақ, ол ағымдағы жылдың қазан айында өткен Қазақстан-Польша экономикалық форумының қорытындыларын жоғары бағалады, онда поляк іскер топтарының Қазақстанмен ынтымақтастыққа деген жоғары қызығушылығы атап өтілді


Вроцлав агломерациясының Вице-мэрі Якуб Мазура Қазақстанның экономикалық даму қарқынын, сондай-ақ инвестициялық тартымдылығын оң бағалап, Польша тарапынан Қазақстанға деген қызығушылықтың артып келе жатқанын атап өтіп, түрлі салаларда инвестициялық өзара іс-қимылды жолға қоюдың перспективалық бағыттарын талқылауға шақырды.


Өз кезегінде, «ARAW» Вроцлав агломерациясын дамыту агенттігінің басшысы Магдалена Окуловская кәсіпорынның ағымдағы қызметі туралы айтып, ғылым мен білімді, технологиялар мен инновацияларды дамыту саласындағы инвестициялық ынтымақтастықтың әлеуетін атап өтті. Сондай-ақ ол поляк тарапының жоғарыда аталған бағыттар бойынша бірлескен жұмысқа дайындығы туралы хабарлады.


Кездесу қорытындысы бойынша, бірлескен жобаларды іске асыру шеңберінде мәселелерді одан әрі пысықтау үшін келесі жылы бірлескен іс-шара өткізу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Анықтама: Вроцлав - Польшаның төртінші үлкен қаласы. Вроцлав-бұл сондай-ақ автомобиль өнеркәсібі, авиа өнеркәсібі және тұрмыстық техника өндірісі салаларындағы ірі еуропалық хабтардың бірі. Қалада бизнеске арналған 200-ден астам заманауи қызмет көрсету орталықтары жұмыс істейді. Сондай-ақ, LG Energy Solutions немесе Amazon сияқты ірі шетелдік компаниялар бар.

«ARAW» 2005 жылы Вроцлав қаласының билігімен және агломерацияның 29 жергілікті муниципалитетімен құрылған. Компания үш негізгі бағыттан тұратын міндеттерді орындайды: инвестициялық тартымдылықты арттыру, ақпараттық саясатты жүзеге асыру және перспективалық жобаларды енгізу.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге