Баспасөз релиздері

Қазақстан мен Польша арасындағы инвестициялық ынтымақтастықтың жаңа деңгейі

Қазақстан мен Польша арасындағы инвестициялық ынтымақтастықтың жаңа деңгейі

Инвестициялық ынтымақтастықтың мүмкіндіктері мен сауда-экономикалық қатынастардың әлеуеті Қазақстан делегациясының Варшаваға сапары аясында талқыланды. Сапар барысында екі мемлекеттің ауыл шаруашылығы, машина жасау, жаңартылатын энергия көздері, қаржы, тау-кен металлургиялық кешені, энергетика және т.б. салалардағы 250-ден астам өкілдерінің қатысуымен Қазақстан-Польша экономикалық форумы ұйымдастырылды. Форум аясында Қазақстанда шамамен құны 445 млн. АҚШ доллар құрайтын жобаларды іске асыру бойынша 7 екіжақты құжаттарға қол қойылды.

Қазақстан делегациясының құрамында ҚР Сыртқы істер министрлігінің Инвестиция комитеті, «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ, «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ, «БанкЦентрКредит» АҚ, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ, «Даму» ФРП» АҚ, «Аграрлық несиелік корпорациясы» АҚ және қазақстандық бизнес өкілдері болды. Польша тарапынан «Польша инвестициялар және сауда агенттігі» АҚ, «Ұлттық экономика банкі» АҚ, Сыртқы істер және даму мен технология министрліктерінің департаменттері, сондай-ақ Қазақстанмен ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі ірі фирмалар – «Selena FM SA», «Pronar», «Poplonski Trading Company», «Plantalux», «Ekokonsulting»  және т.б. қатысты.

Іс-шара Қазақстан мен Польша арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты жандандыруға, екі елдің іскерлік серіктестері арасындағы қолданыстағы байланыстарды нығайтуға және жаңа тікелей байланыстарды орнатуға бағытталған.

Форумның ашылуында Қазақстанның Польшадағы Елшісі Әлім ҚирабаевҚазақстанның  тәуелсіздігінің 30 жылындағы саяси және әлеуметтік-экономикалық жетістіктерін атап өтті, сондай-ақ Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылған реформаларының төрт топтамасын іске асыру бойынша қабылданған шаралар туралы хабардар етті.

 

Кездесу барысында поляк тарапына Қазақстан Республикасының инвестициялық әлеуеті және ҚР бизнесті қолдау мүмкіндіктері мен механизмдері туралы ақпарат ұсынылды. Шетелдік инвестициялар үшін бәсекелестік артықшылықтар поляк кәсіпкерлерінің ерекше қызығушылығын тудырды.


Өз сөздерінде ҚР СІМ Инвестиция комитеті Төрағасының орынбасары Лариса Джумагалиева мен «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Мейіржан Юсуповинвестициялық ахуалды жақсарту бойынша қабылданған шаралар мен әлеуетті инвесторларды қолдаудың жаңа құралдары туралы егжей-тегжейлі айтты, сондай-ақ поляк компаниялары үшін инвестициялық ұсыныстарды ұсынды.

«Польшадан келетін инвестициялар ағынының жоғары көрсеткішін ерекше атап өткім келеді, алайда бұл бағыттағы әлеует әлі де толық көлемде пайдаланылмай отыр. Біз пандемиямен байланысты тәуекелдер әлі де болсын сақталатынын жақсы түсінеміз. Дегенмен әлем, ұлттық экономика біртіндеп үйреншікті өмірге оралуда. Жеке, іскерлік байланыстар қалпына келтірілуде, өзара тиімді бастамаларды іске асыру үшін перспективалы немесе бұрын кейінге қалдырылған жобаларды іске қосу мүмкіндіктері қайта ашылуда. Сондықтан ынтымақтастығымыздың басым бағыттарын, болашаққа жоспарларды, Қазақстандағы нақты бірлескен жобаларды талқылау үшін біздің жанды форматтағы кездесуімізді өте маңызды деп санаймын», - деп толықтырды ұлттық компания басшысы Мейіржан Юсупов.


«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Басқармасының Төрағасы Абай Сарқұлов поляк бизнесін инвестициялық жобаларды қолдаудың қаржылық құралдарымен таныстырды.

Форумның пленарлық отырыстары барысында өз компанияларының Қазақстан нарығындағы табысты оқиғаларымен «Grupa Selena», «Famur S.A.», «MWM Elektro» бөлісті.

Іс-шара аясында Польшаның мемлекеттік және жеке компанияларымен екіжақты кездесулер өткізілді. Атап айтқанда, ҚР СІМ Инвестициялар комитетінің және «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ басшылығы құрылыс, машина жасау, ТМК және т. б. салалардағы бірлескен инвестициялық жобаларды іске асырудағы жаңа тәсілдерді талқылау үшін «Selena FM SA», «Dumni Polska»«Caspian International group», «PAIH» өкілдерімен кездесулер өткізді.


Кездесу қорытындысы бойынша «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ «Caspian International Group» компаниясымен, сондай-ақ «PAIH» Инвестициялар және сауда агенттігімен ынтымақтастық туралы екі меморандумға қол қойды.


Бірінші құжат аясында «Caspian International Group» ҚР металлургиялық өндіріс қалдықтарын қайта өңдеу бойынша жобаны жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Екінші Меморандум тараптарға инвестициялық ынтымақтастықты нығайтуға және кеңейтуге, болашақ жобаларды іске асыру мәселесі бойынша бастамаларды қолдауға мүмкіндік береді.

 

Сонымен қатар, сапар бағдарламасына сәйкес Қазақстан делегациясы Белосток, Бело-Подляск, Познань, Лодзь қалаларында болып, Польшаның «Mlekovita», «Falubaz» кәсіпорындарының және Еркін экономикалық аймақтары қызметімен танысты.

Форумға қатысушылар үшін туризм тақырыбы бойынша фотокөрме ұйымдастырылды, сондай-ақ Мемлекет басшысының «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» Жолдауы, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының «Тәуелсіздік дәуірі» кітабы, Абай мен Шәкәрімнің шығармалары поляк тілінде ұсынылды.

Айта кету керек, сапарды ҚР Сыртқы істер министрлігі, Польша Республикасының Даму және технологиялар министрлігі, «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ, «Польша Инвестициялар және сауда агенттігі» АҚ (PAIH) және ҚР Польшадағы Елшілігі ұйымдастырды.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге