Баспасөз релиздері

KAZAKH INVEST-те көмір химиясының даму перспективалары талқыланды

KAZAKH INVEST-те көмір химиясының даму перспективалары талқыланды

«KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ алаңында ұлттық компанияның Басқарма төрағасы Ержан Елекеев «KAZHIMPROM» қазақстандық химия өнеркәсібі одағы" қауымдастығының төрағасы Олег Пак және «Парасат» кәсіпкерлер альянсының өкілі Серік Исимбаевпен химия өнеркәсібі саласындағы ынтымақтастық мәселелері бойынша кездесу өткізді.

Кездесу барысында Қазақстан Республикасындағы көмір химиясы жобаларын дамыту перспективалары және осы салаға инвестиция тарту әлеуеті талқыланды.

казеврохим 3.jpg

Олег Пак көмір қоры бойынша Қазақстан 33,6 миллиард тоннадан астам көлемімен әлемдегі жетекші он елдің қатарына кіретінін атап өтті. Сонымен қатар, қазіргі жағдайда көмір өнеркәсібі көмір химиясына кезең-кезеңімен көшумен көмір компанияларының жаңа даму стратегиясында одан әрі серпін алуы керек. Оның айтуынша, Қазақстанда аммиак селитрасы, тазартылған метанол, этилен, полипропилен, сұйытылған көмір газы, күкірт және т.б. сияқты көмір химиялық өнімдерінің 400 түрін өндіруге және кейіннен өңдеуге әлеуеті бар.

казеврохим 2.jpg

Өз кезегінде Ержан Елекеев еліміздің Париж келісімдері бойынша міндеттемелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2060 жылға дейінгі көміртегі бейтараптығы стратегиясын ескере отырып, көмірді терең өңдеуге көшудің болашағы зор екенін атап өтті. Ұлттық компания төрағасы инвесторларды мемлекеттік қолдау шаралары туралы айтып, KAZAKH INVEST инвесторларды іздеуде, сондай-ақ мүдделі компаниялармен келіссөздер ұйымдастыруда қолдау көрсетуге дайын екеніне сендірді.

Қорытындылай келе, тараптар көмірді одан әрі өңдеу жобалары бойынша әріптестікті кеңейтуге келісті.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге