Баспасөз релиздері

Брюссельде Қазақстанға инвестиция салу мүмкіндіктері талқыланды

Брюссельде Қазақстанға инвестиция салу мүмкіндіктері талқыланды

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді құттықтау сөзінде Бельгияның бизнес қауымдастығын өзара тиімді ынтымақтастыққа, Қазақстан аумағында бірлескен өндірістер құруға, сондай-ақ екіжақты қатынастарды дамытудың жаңа нысандарын бірлесіп іздеуге шақырды. Ол сондай-ақ АӨК, ТМК, ЖЭК, құрылыс және т. б. қоса алғанда, ҚР-дағы басым салалардың мүмкіндіктері туралы айтты.


ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді құттықтау сөзінде Бельгияның бизнес қауымдастығын өзара тиімді ынтымақтастыққа, Қазақстан аумағында бірлескен өндірістер құруға, сондай-ақ екіжақты қатынастарды дамытудың жаңа нысандарын бірлесіп іздеуге шақырды. Ол сондай-ақ АӨК, ТМК, ЖЭК, құрылыс және т. б. қоса алғанда, ҚР-дағы басым салалардың мүмкіндіктері туралы айтты.

«Қазақстан бүгінде өнеркәсіптің барлық салаларында өзара тиімді бизнес үшін жаңа және үлкен мүмкіндіктер беретін үлкен инвестициялық әлеуетке ие. Елдеріміздің іскерлік орталары қазірдің өзінде белсенді ынтымақтасып, бірлескен жобаларды іске асыруда. Бұл шетелдік бизнес тарапынан Қазақстанға деген жоғары сенімнің белгісі», - деді Мұхтар Тілеуберді.


Қазақстандағы іскерлік ахуал, сондай-ақ оның инвестициялық мүмкіндіктері туралы толығырақ «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Мейіржан Юсупов айтып берді. Өз сөзінде ол дөңгелек үстелге қатысушыларды Қазақстанның экономикалық дамудағы жетістіктерімен, Қазақстан-Бельгия инвестициялық ынтымақтастығының перспективалық бағыттарымен, сондай-ақ елдегі инвестициялық ахуалды одан әрі жақсарту үшін ҚР Үкіметі қабылдап жатқан шаралармен таныстырды.

Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша қазақстандық «Olzha Argo Trade» компаниясы 16 млн доллар сомасына «Vandeputte» компаниясымен Қазақстаннан Бельгияға зығыр жеткізу туралы келісімге қол қойды. Сонымен қатар, Қазақстанның сыртқы сауда палатасы Брюссель BECI Сауда-өнеркәсіп палатасымен және Фландрия VOKA сауда-өнеркәсіп палатасымен екі меморандумға қол қойды.

Сондай-ақ, іс-шара аясында ҚР СІМ Инвестициялар комитеті, «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ басшылығы әлеуетті және іске асырылып жатқан инвестициялық жобалар бойынша бельгиялық тараппен бірқатар B2B кездесулер өткізді.

Мәселен, еуропалық ірі құрылыс материалдарын өндіруші «Soudal» компаниясының басшылығымен кездесу аясында Қазақстан тарапы Қазақстандағы қызметін кеңейту мүмкіндігін ұсынды. Айта кетейік, келесі жылы компания Батыс Қазақстан облысының өңірлерінде бірқатар өкілдіктер ашуды жоспарлап отыр.

Бұдан басқа, спутниктік операторлар арасында айналым бойынша әлемде екінші орын алатын «SES» компаниясымен кездесуде инвесторлар цифрландыру саласындағы бірқатар жобаларды іске асыруға дайын екенін хабарлады.

Сондай-ақ, «AMOS», «BREG» компанияларының басшыларымен келіссөздер барысында ЖЭК, ТКМК, құрылыс және т. б. салаларда бірлескен жобаларды іске асыру мәселелері қаралды.




«Қазақстан делегациясының келіссөздерінің қорытындысы бойынша бельгиялық бизнес тарапынан Қазақстан Республикасымен ынтымақтастыққа деген жоғары қызығушылық байқалды. Іске асырылып жатқан жобалардан бөлек, құрылыс, ЖЭК, АКТ, ТМК және т.б. салаларда бірқатар жаңа жобалар пысықталуда», – деп түйіндеді ҚР СІМ Инвестициялар комитетінің төрағасы Ардақ Зебешев. Сондай-ақ, ол бірлескен жұмыс болашақта екі елдің өзара іс-қимыл құрылымын кеңейтуге мүмкіндік беретініне сенім білдірді.

Соңғы 15 жылда Бельгия Қазақстан экономикасына 9 млрд. АҚШ. долл. шамасында инвестиция салды. Бүгінгі таңда Қазақстанда бельгиялық капиталдың қатысуымен 70-ке жуық кәсіпорын табысты жұмыс істеуде.

Айта кету керек, іс-шараны ҚР Сыртқы істер министрлігі, Қазақстан Республикасының Бельгиядағы Елшілігі және «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ ұйымдастырды.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге