Баспасөз релиздері

Пәкістан конгломераты ауылшаруашылық тыңайтқыштарын шығаратын зауыт салуды қарастыруда

Пәкістан конгломераты ауылшаруашылық тыңайтқыштарын шығаратын зауыт салуды қарастыруда

Бүгін KAZAKH INVEST АҚ-да Карачи қаласында 1965 жылы құрылған пәкістандық «Engro Corporation Limited» компаниясының басшылығымен кездесу өтті.

Көпсалалы конгломерат энергетика, ауыл шаруашылығы өнімдері, мұнай-химия және телекоммуникация инфрақұрылымы саласындағы кәсіпорындардың кең портфеліне инвестиция салады. Бүгінде пәкістандық компания Нидерланды Корольдігімен және Жапониямен бірлескен кәсіпорындар құрды, - деп хабарлайды Ұлттық компанияның баспасөз қызметі.

Кездесуге Қазақстан тарапынан Қазақстан Республикасының Пәкістан Ислам Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ержан Қыстафин, «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Меиіржан Юсупов, «Engro Corporation Limited» компаниясынан Стратегия және бизнесті дамыту бағыты бойынша аға вице-президент Хаваджа Билал Хусейн, Бас директор Хусейн Хасан Али және менеджер Насир Сайед Обаид қатысты.

Пәкістандық делагация ауыл шаруашылығы тыңайтқыштарын өндіру зауытын салу жобасы бойынша мүдделі орталық мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор ұйымдарының өкілдерімен келіссөздер жүргізу үшін Қазақстанға арнайы келді. Пәкістандық инвесторлардың айтуынша, жобаға шамамен $1 млрд салуға дайын.

Елші Ержан Қыстафин пәкістандық инвесторларды мемлекеттік қолдау шаралары туралы хабардар етті.

Меиіржан Юсупов «KAZAKH INVEST» ҰҚ» АҚ жобаны іске асыруда қолдау көрсету бойынша қызметтер түрін көрсетуге дайын екенін атап өтті.

«Пысықталып жатқан инвестициялық жобалардың үштен бірі АӨК-ге тиесілі, сондықтан біз үшін Пәкістанның тәжірибесі маңызды. Қазақстан ауыл шаруашылығы алқаптары бойынша әлемде 6-шы орында екенін ескере отырып, онда жердің 80% - дан астамы (220 млн-ға жуық) ауыл шаруашылығы өндірісі үшін пайдаланылады» - деп қорытындылады KAZAKH INVEST Басқарма Төрағасы.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге