Баспасөз релиздері

OZON Астанада логистикалық парк ашты

OZON Астанада логистикалық парк ашты

15 наурызда Астанада «Rainbow Logistic» ЖШС Логистикалық паркінің (ОЗОН) ашылуы өтті. Жобаның құны 40 млрд теңгені құрайды. Нысанның жалпы ауданы 70 мың шаршы метрді құрайды, мұнда азық-түліктен электроника мен құрылыс материалдарына дейін әртүрлі санаттағы 700 мыңға дейін тауарларды сақтауға болады. Логистикалық парктің құрылысы 2022 жылы басталып, қазіргі уақытта нысанның 1-ші кезегі тұрғызылған.

DSC_0060.jpg

Ашылу салтанатында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин мен Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек құттықтау сөз сөйлеп, логистикалық парктің өңірдің экономикалық өсуі мен дамуы үшін маңыздылығын атап өтті.

DSC_0074.JPG

Сонымен қатар, ашылу салтанатына Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы Сауда өкілі Андрей Бабко, OZON және «ҰҚ «KAZAKH INVEST» АҚ өкілдері қатысты.

DSC_0085.jpg

«OZON логистикалық паркі – біздің ең ірі шетелдік нысан, логистикалық индустрияның дамуындағы серпіліс, ол қызмет көрсету сапасын жақсартады және жүктерді Қазақстанға да, жақын маңдағы елдерге де тасымалдаудың тиімділігін арттырады», - деді OZON компаниясының Басқарушы директоры Сергей Беляков.

DSC_0099.jpg

OZON логистикалық паркінің ашылуы Қазақстан кәсіпкерлеріне қосымша мүмкіндіктер береді, соның ішінде жүктерді тасымалдау құнын төмендету, жеткізу үдерісін жеделдету және аймақтағы логистикалық қызметтердің сапасын арттыру.

8a2e53d09deda528e53e07e59c15b93c_1280x720.jpg

Анықтама:

OZON - Data Insight зерттеу агенттігінің мәліметтері бойынша Ресейде тауар айналымы бойынша екінші орында тұрған ірі ресейлік әмбебап интернет-дүкен. Компания Қазақстандағы қатысуын 2021 жылдың екінші жартысында бірқатар қалаларға курьерлік жеткізуді іске қосу арқылы кеңейте бастады. Қазіргі уақытта Қазақстандағы OZON логистикалық инфрақұрылымы Алматы мен Астанадағы екі сұрыптау орталығын, сондай-ақ бүкіл ел бойынша елуге жуық қабылдау пунктін қамтиды.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге