Баспасөз релиздері

EY «Үздік кәсіпкер-2019» халықаралық конкурсының жеңімпазы анықталды

EY «Үздік кәсіпкер-2019» халықаралық конкурсының жеңімпазы анықталды

Монакода EY-дың ұйымдастыруымен өткен марапаттау рәсімі аясында «Үздік кәсіпкер-2019» халықаралық конкурсының жеңімпазы анықталды. Конкурста американдық Uptake Technologies, Inc. компаниясының бас директоры Брэд Кивел жеңіске жетті. Биылғы жылы байқауға 761 кәсіпкер қатысты, ал Монакодағы басты шараға 57 елден 47 ұлттық кезеңдерінің жеңімпаздары келді. Қазақстанның намысын бұл сайыста «Үздік кәсіпкер-2018» байқауының ұлттық кезеңінің жеңімпазы, Atasu group of companies логистикалық компаниясының негізін қалаушы және президенті Марат Жұман қорғады.

Брэд Кейвел Uptake Technologies, Inc. компаниясын 2014 жылы құрды. Компания болжамды аналитикалық бағдарламалық жасақтаманы жеткізіп, жалпы құны 6 миллиард доллардан асатын табысты бизнестің қатарына кірді. Uptake Technologies, Inc. компаниясы 50 қызметкері бар шағын стартаптан, рекордтық уақытта 500 адам жұмыс істейтін 2 миллиард доллар деңгейіне жетті. Қазіргі уақытта Uptake Technologies ондаған өнеркәсіптік компаниялармен бірлесіп жұмыс істейді. Компания жасанды интеллекттің көмегімен өнімділік пен тиімділікті арттырып, операциялық деректер арқылы құндылық тудыруда.

EY компаниясының Қазақстан мен Орталық Азиядағы басқарушы серіктесі Ерлан Досымбеков:«Монте-Карло қаласында «Үздік кәсіпкер-2019» байқауының халықаралық финалы әлемдік бизнес-қауымдастық үшін үлкен оқиға. Бұл өзара әрекеттесу және тәжірибе алмасу үшін бірегей алаң. Қазақстан байқауға 2007 жылдан бастап қатысып жатыр, сол уақыттан бері еліміздің үздік кәсіпкерлері халықаралық финалында Қазақстанның намысын қорғауда. Олардың ішінде байқаудың ұлттық кезеңінің жеңімпазы, Atasu group of companies логистикалық компаниясының негізін қалаушы және президенті Марат Жұман. Ол 1998 жылы кез келген елге кез келген көлік түрлерімен жүк тасымалдауды ұсынатын «Atasu» логистикалық компаниясын құрды. Бүгінгі таңда «Atasu» компаниялар тобында 8000 тұтынушы бар, ал жылдық жүк айналымы 10 млн. тоннаға жетті».

«Үздік кәсіпкер-2019» конкурсы табысты және қарқынды дамып келе жатқан кәсіпкерлердің жетістіктерін мойындауға арналған жалғыз халықаралық конкурсы. Сыйлық облыстық, ұлттық және халықаралық деңгейде 50 елде ұсынылады. «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Қазақстандағы «Үздік кәсіпкер-2018» байқауының серіктесі.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге