Баспасөз релиздері

Сингапурлық стандарттар бойынша білім беру: «Kazakh Invest» ҰК» АҚ білім беру саласындағы жетекші сингапурлық компанияның инвестициялық жобасын іске асыруға көмектесуде

Сингапурлық стандарттар бойынша білім беру: «Kazakh Invest» ҰК» АҚ білім беру саласындағы жетекші сингапурлық компанияның инвестициялық жобасын іске асыруға көмектесуде

18 қаңтарда Қазақстанға сапары аясында сингапурлық компанияның делегациясы жоспарларды талқылау үшін «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Сапарбек Тұяқбаевпен кездесті. Инвестициялық жобаны кезең-кезеңмен жүзеге асыруды талқылау 2018 жылдың қарашасында қол қойылған «Kinder World International Group» компаниясы мен «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум аясындағы келесі қадамға айналды.

Айта кету керек, «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ командасы жобалау кезеңінен бастап пайдалануға берілуге дейін, сондай-ақ, инвестициядан кейінгі кезеңде сүйемелдеудің толық циклін және инвесторларды сервистік қолдауды қамтамасыз етуде. Осылайша, Сингапурлық білім беру орталығын құру бойынша өзара түсіністік туралы меморандумға қол қоюдан кейін Kazakh Invest әкімдіктермен бірлесіп сингапурлық делегацияның Қазақстанға сапарын ұйымдастыру бойынша жұмыс жүргізді, сапар барысында өңірлер басшылығымен кездесулер өтті, Астана, Алматы және Шымкент қалаларында білім беру орталықтарын салу үшін ең тиімді жер телімдерін іріктеу және көрсету процессы жүзеге асырылды. Үш кезеңдік жобаны іске асыру барысын талқылау үшін астананың әкімі Бақыт Сұлтановпен кездесу өтті.

Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктермен алғаш рет сингапурлық компания ҚР Премьер-Министрі Б.Ә.Сағынтаевтың 2018 жылдың 21 қарашасындағы жұмыс сапары кезінде Kazakh Invest ұйымдастырған Қазақстан-Сингапур инвестициялық форумында танысты. Білім беру орталықтары мектепке дейінгі және орта мектеп білімі қызметтерін 12-жылдық бағдарлама бойынша ұсынады деп жоспарлануда.

Болашақта жобаның тұжырымдамасына сәйкес балабақша-мектеп-колледж-университет сингапурлық үздіксіз білім беру үлгісіндегі халықаралық білім беру орталықтары желісін құру қарастырылуда. «KinderWorld Kazakhstan» орталықтарында оқыту Cambridge IGCSE, Cambridge AS/A Level халықаралық оқыту бағдарламалары бойынша жүргізілетін болады.

Анықтама үшін:

«KinderWorld International Group» компаниясы қызметін 1986 жылы Сингапурда бастады және үздіксіз білім беру желісін дамытты. Білім беру бағдарламасы STEM (Science, Technology, Engineering and Mathematics) оқыту жүйесін белсенді дамытуға бағытталған. Қазіргі уақытта компания Оңтүстік-Шығыс Азиядағы 20 білім беру орталығын басқаруда.

Мектептер халықаралық ұйымдармен аккредиттелген, компания 2018 ж. 12-13 қарашасында Сингапурда өткен АСЕАН Іскерлік және инвестициялық саммиті аясында үздік компаниялардың бірі ретінде марапатталған.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге