Баспасөз релиздері

Қазақстандағы автокомпоненттердің жаңа өндірісі

Қазақстандағы автокомпоненттердің жаңа өндірісі

«KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ алаңында ұлттық компанияның Басқарма төрағасы Ержан Елекеев автокомпоненттер өндіруші «МС Автомотив» АҚ және полимерлер өндіруші «Сибур Холдинг» басшылығымен кездесті. Кездесу барысында тараптар Қазақстанда автокомпоненттер өндірісін оқшаулау мүмкіндіктерін және инвесторлардың зауыт салу жоспарларын талқылады.   

DSC_0730.jpg   

Басқарма төрағасы компания өкілдеріне елдегі автомобиль жасау саласының өсіп келе жатқан әлеуеті туралы айтып берді. Мәселен, 2023 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда 148 мыңнан астам бірлік өндірілді, бұл өткен жылдың көрсеткішінен 30% - ға жоғары. Алдағы 3 жылда жаңа автомобиль зауыттарын пайдалануға беру жоспарлануда, бұл өз кезегінде өндірістік қуаттылықты жылына 350-450 мың автомобильге дейін ұлғайтуға әкеп соғады.

Е. Елекеев инвесторларға осындай басым секторларда ұсынылатын және импортқа тәуелділікті қысқартуға, қолданыстағы өндірістерді жаңғыртуға және құруға, қажетті шикізатпен және қаржыландырумен қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын атап өтті.

DSC_0737.jpg

Инвесторлардың айтуынша, «МС Автомотив» және «Сибур Холдинг» тәжірибесі белсенді дамып келе жатқан автомобиль нарығы жағдайында елімізде автокомпоненттер өндіретін жаңа кәсіпорындар құруға мүмкіндік береді. Инвесторлар полимерлі және эластомерлі материалдар шығаруды жоспарлап отыр, бұл қосымша жұмыс орындарын құра отырып, автомобильдерді құрастыру құнын төмендетеді. Мұндай материалдар автомобиль өндірісінде бояулар мен лактар, сондай-ақ пластиктен және резеңкеден жасалған бұйымдар жасау үшін қажет.

Кездесу қорытындысы бойынша Тараптар перспективалы жобаларды одан әрі іске асыруда инвестициялық ынтымақтастықты нығайтуға келісті.

WhatsApp Image 2024-04-12 at 11.38.39.jpeg

Сондай-ақ, «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ-ның көмегімен «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-мен бірлесіп инвесторлар үшін негізгі қазақстандық автоөндірушілермен кездесулер және HYUNDAI Motors автомобиль өндіретін зауытқа сапар ұйымдастырылды.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге