Баспасөз релиздері

Неміс бизнесіне ТМК саласының инвестициялық мүмкіндіктері таныстырылды

Неміс бизнесіне ТМК саласының инвестициялық мүмкіндіктері таныстырылды

Тау-кен өндіру саласындағы қазақстан-герман ынтымақтастық күндері шеңберінде KAZAKH INVEST неміс бизнесіне ТМК саласының инвестициялық мүмкіндіктерін ұсынды. Іс-шараға Германияның ірі тау-кен компанияларының 20-ға жуық өкілдері қатысты.

Шараның негізгі мақсаты іскерлік диалог үшін коммуникативтік алаң құру және ТМК саласында ынтымақтастықты жолға қою бойынша германиялық компаниялармен негізгі мәселелерді талқылау болды.

Онлайн-кездесу барысында KAZAKH INVEST Басқарма Төрағасының орынбасары Ғалым Өзбеков кен орындарын игеру мен дамытуға инвестициялар тарту шеңберінде барлау мен өндіруге арналған лицензиялар бөлінгенін, KAZKH INVEST-те инвестицияларды талап ететін жеке бастамашылардың тауашалық жобаларын танстырды. Бүгінгі күні халықаралық консалтингтік компаниялармен бірлесіп, ТМК саласында 40-тан астам тауашалық жобалар жинақталған.

«Біз осы инвестициялық ұсыныстарды әлеуетті шетелдік серіктестерге ұсынуға дайынбыз. Жобалардың бастамашылары өз тарапынан келіссөздерге ашық және ынтымақтастықтың түрлі нұсқаларын қарастыруға дайын. Бүгінгі таңда басты стратегиялық міндет шикізатты ел ішінде барынша қайта өңдеу, сондай-ақ неғұрлым жоғары бөліністерге көшу. Бұл міндеттер индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы аясында іске асырылады, онда қара және түсті металлургия өңдеуші өнеркәсіптің басқа секторларымен қатар экономиканың басым секторлары болып айқындалған», - деп атап өтті Ғ. Өзбеков

Сондай-ақ, спикер онлайн конференцияға қатысушылардың назарын халықаралық стандарттарға сәйкес тау-кен саласының инвестициялық әлеуетін жақсартуға бағытталған Қазақстан қабылдаған маңызды бастамаларға аударды.

Өз кезегінде, Actemium BEA GmbH, Bredenoord GmbH, HAVER ENGINEERING GmbH, J&C Bachmann GmbH, K-UTEC AG Salt Technologies, MBE CMT GmbH, Redpathminingжәне т.б. неміс компанияларының өкілдері оларды Қазақстан аумағында іске асыру үшін техникалық және басқарушылық ұсыныстарын ұсынды.

Инвесторлар тау-кен өнеркәсібінің қалдықтарын қайта өңдеуге, машина жасауға және минералдық шикізатты, кендерді, тыңайтқыштар мен көмірді қайта өңдеуге арналған қондырғыларды жобалауға, электр техникалық қондырғылар мен жабдықтарды монтаждауға және пайдалануға беруге, жерасты тау-кен құрылыстарын дайындауға және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған жобалау мен технологиялық процестерге мүдделі.

Келіссөздер нәтижелері бойынша тараптар іскерлік байланыстар орнатуға және ТМК-нің бірқатар жобалары бойынша алдын ала келіссөздер жүргізуге қызығушылық танытты.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге