Инвестициялық дөңгелек үстелде Қазақстан мен Қытай 22 миллиард долларды құрайтын 47 құжатқа қол қойды

Жомарт Тоқаев пен Қытайдың іскер топ өкілдерінің қатысуымен өткен инвестициялық дөңгелек үстел аясында жалпы сомасы 22 миллиард доллар болатын 47 құжатқа қол қойылды. Шараны «Самұрық-Қазына» АҚ қолдауымен Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі, «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ, Қазақстан Республикасының Қытайдағы Елшілігі ұйымдастырды.
Осылайша, негізгі құжаттардың бірі – NFC компаниясының мыс балқыту зауытын салу туралы келісімі болды. Келісімнің бірінші кезеңінде қуаттылығы 300 мың тонна катодты мыс өндіретін зауыт салынады.
Сонымен қатар, жаңартылатын энергетика және энергия жинақтау жүйелері саласындағы ынтымақтастық туралы құжатқа қол қойылды, оның шеңберінде жамбыл облысында жалпы қуаты 1 ГВт жел электр станцияларын салу және Қазақстан аумағында жел электр станцияларының компоненттерін өндіруді ұйымдастыру жоспарлануда. Жоба China Power International Holding және SANY Renewable Energy компанияларымен бірлесіп жүзеге асырылады.
Қол қойылған келесі құжат ыстық брикеттелген темір өндірісінің дамуына байланысты. Қостанай облысы, Рудный қаласында жоғары сапалы концентрат әзірлеу және ыстық брикеттелген темір өндіретін зауыт салу көзделіп отыр. Ыстық брикеттелген темір өндірісінің жылдық көлемі 4 млн.тоннаға дейін жетеді деп болжануда.
Сонымен қатар, Astana Motors Manufacturing Kazakhstan мультибрендті зауытының жобасы аясында шағын түйінді өндіріс әдісімен Changan, Haval және Chery брендтерімен автокөліктер шығару жоспарлануда. Жыл сайын осы маркалардың әрқайсысынан кемінде 30 000 көлік шығарады деп күтілуде.
Бұл ретте «Orbis» ЖШС мен «EXEED Automobile» компаниясы қуаттылығы жылына 80 000 автомобиль шығаратын Exeed автомобильдерін шығаратын зауыт салу туралы Келісімге қол қойды.
Агроөнеркәсіптік кешендегі қарым-қатынасты нығайту «Beijing Gupu Agricultural Technology Service» компаниясы Алматы облысында шие қызанақтарын өсіретін жылыжай кешенін салу туралы елдер арасында келісімге қол қойды.
Тағы бір келісім «HKC Corporation» компаниясы тұрмыстық техника шығару жобасы болды. Предполагается привлечение инвестиций в размере более 11,8 млрд тенге, производственная мощность предприятия составит до 500 тыс. единиц бытовой техники в год.
Қытайдың Мемлекеттік даму банкі Қазақстанның даму банкінің құралдарын пайдалана отырып, Қазақстанның түрлі негізгі секторларындағы инвестициялық жобаларды қаржыландыруға дайын екенін білдірді. Мұнай-газ, мұнай-химия, химия, тау-кен өнеркәсібі, сондай-ақ энергетика, көлік, құрылыс материалдары, ауыл шаруашылығы, байланыс, индустриялық және индустриалды парктер секторларын Қытайдың мемлекеттік даму банкі қолдауға дайын екенін білдірді.
Сонымен қатар, дәнді дақылдарды, көкөністерді, жеміс-жидектерді және басқа да өсімдіктерді қоса алғанда, әртүрлі ауылшаруашылық дақылдарын суаруға арналған жаңбырлы суару жүйелерін өндіру туралы келісімге қол қойылды.
Сондай-ақ SilkwayTransit», «China National Technical Import & Export Corporation» және «CRRC Dalian» компаниялары Алматы облысында локомотив құрастыру зауытын салу бойынша бірлескен жобасын жүзеге асыру туралы хабарлады.
Құжаттардың осындай едәуір санына қол қою өзара тиімді ынтымақтастықты нығайту мен тереңдетудің жарқын айғағы болып табылады. Олар екі тараптың экономиканың әртүрлі салаларында ұзақ мерзімді және өзара тиімді ынтымақтастыққа деген ұмтылысын көрсетеді.