Баспасөз релиздері

Канададағы PDAC-2023 тау-кен өнеркәсібі көрмесінде Қазақстанның ұлттық павильоны алғаш рет жұмысын бастады

Канададағы PDAC-2023 тау-кен өнеркәсібі көрмесінде Қазақстанның ұлттық павильоны алғаш рет жұмысын бастады

Торонтода (Канада) PDAC-2023 халықаралық көрмесінде Қазақстанның Ұлттық павильонының ресми ашылу салтанаты өтті. 1932 жылы негізі қаланған Канада геологтары мен барлаушылары қауымдастығы (PDAC) өзінің жыл сайынғы конференциясы мен көрмесімен танымал және барлау, тау-кен өндіру және игеру саласының мүдделерін білдіреді. Іс-шара тұрақты түрде 130-дан астам елден 25 000-ға дейін келушілерді тартады.

WhatsApp Image 2023-03-06 at 11.59.49.jpeg

Қазақстан павильонының ашылу салтанатына Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаров, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Иран Шархан, Қазақстан Республикасының Канададағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ақылбек Камалдинов, сондай-ақ PDAC-2023 вице-президенті Лиза МакДональд қатысты.

Іс-шараның жүргізушісі, Arras Minerals президенті Даррен Клинк PDAC конференциясы тау-кен өнеркәсібіндегі халықаралық ынтымақтастықты дамытудың бірегей алаңы ретінде өзектілігін дәлелдегенін атап өтті.

photo1678071728 (2).jpeg

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаров өзінің құттықтау сөзінде «Соңғы онжылдықта жыл сайын қазақстандық делегация осы ауқымды шараға қатысып келеді. Дегенмен, биыл біз жоғары деңгейдегі делегацияны жинап, Ұлттық павильонды алғаш рет таныстыру арқылы қатысуымызды кеңейтуді жөн көрдік. Канада сияқты Қазақстан да тау-кен металлургия өнеркәсібін дамытуға үлкен көңіл бөледі, өйткені бұл елдің «екінші экономикасы» (мұнай мен газдан кейінгі), оның үлесіне ұлттық экспорттың шамамен 20%-ы келеді. Сіздерді асыл және түсті металдардың 60-тан астам кен орнын игеруге шақырамыз», - деді Алмас Айдаров.

Қазақстандық делегацияның құрамында мемлекеттік және жеке секторлардың 50-ге жуық өкілдері, соның ішінде ірі компаниялар – ERG, ««Kazzinc» Қазақстан тау-кен металлургиялық компаниясы, «Тау-Кен Самұрық» ҰМК» АҚ, «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС, Greywolf Management, «KazGeology» және «QazaqGeophysics» болды. Қазақстанның Ұлттық павильонының жұмысы Қазақстан мен осы жаһандық шараға қатысушы басқа елдер арасындағы одан әрі экономикалық ынтымақтастықты ынталандырады.

WhatsApp Image 2023-03-06 at 11.57.40.jpeg

Еске салайық, бүгін Торонтода орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың, ұлттық және жеке компаниялар басшыларының, салалық және аймақтық бизнес қауымдастықтарының өкілдерінің, сондай-ақ Hatch CAMECO Corporation, B2Gold , Arras Minerals, Nutrien, Teck Resources Limited, Ion Energy және т.б сияқты жетекші канадалық компаниялар басшыларының қатысуымен Канада-Қазақстан бизнес форумы өтеді.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге