Баспасөз релиздері

Электр жабдықтарын әлемдік өндіруші Қазақстанда инвестициялық жобаны жүзеге асыру мүмкіндігін қарастыруда

Электр жабдықтарын әлемдік өндіруші Қазақстанда инвестициялық жобаны жүзеге асыру мүмкіндігін қарастыруда

KAZAKH INVEST аталған саланың әлемдік көшбасшысына электр жабдықтарын өндіру бойынша инвестициялық жобаны жүзеге асыруды ұсынды. Бастама «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Бауыржан Сартбаевтың «WEG Central Asia» Бас директоры Сергей Мущенкомен кездесуі аясында айтылды.

Штаб-пәтері Бразилияда орналасқан "WEG" компаниясы электр жабдықтарын өндіру бойынша әлемдік көшбасшы болып табылады. Компания өнімі 135 елде 5 континентте ұсынылған. Күн сайын «WEG» 120 мың электр қозғалтқышын шығарады. Компанияның 12 елде 44 өндірістік алаңы, 34 елде коммерциялық филиалдары, сондай-ақ бүкіл әлем бойынша сервис орталықтары мен дистрибьюторлық нүктелері бар. Қызметкерлердің жалпы саны 31 мың адам құрайды. 2018 жылдың қорытындысы бойынша компания айналымы $4.5 млрд. құрады.

Келіссөздер барысында аталған жобаны іске асыру қазақстандық өнеркәсіпке өндірістік үдерістердің тиімділігін арттырудың үздік технологияларына қол жеткізуге мүмкіндік беретіні, ішкі сұранысты қанағаттандыру және өнімнің одан әрі экспорты үшін электр жабдықтары өндірісін кеңейтуге мүмкіндік беретіндігі атап өтілді.

«KAZAKH INVEST жұмысының және Бразилияға жақын арадағы жұмыс сапарының нәтижесі бойынша екі елде өзара тиімді ынтымақтастыққа зор әлеует бар екенін атап өтуге болады. Бразилия Оңтүстік Америкадағы негізгі ел және экономикалық көшбасшы болып табылады. Екі жақты тауар айналымы қарқынды өсуде, сондай-ақ біз АӨК, ТМК және машина жасау салаларындағы инвестициялық ынтымақтастықтың үлкен перспективаларын көріп отырмыз. Осыған байланысты, «KAZAKH INVEST» Қазақстан Республикасындағы компания жобаларын жүзеге асыруға қолдау көрсетуге дайын», - деді KAZAKH INVEST Басқарма төрағасы Бауыржан Сартбаев.

Өз кезегінде «WEG Central Asia» компаниясының Бас директоры С.Мущенко ағымдағы жылы Алматы қаласында ашылған Орталық Азиядағы аймақтық филиалы тығыз ынтымақтастыққа ықпал ететінін айтты.

«Бұл кеңсе жоғары технологиялық энергетикалық жабдықты сатуға маманданатын болады. Сервистік хаб сандық өндірісті енгізетін кәсіпорындарға қолдау көрсету бойынша энергетикалық тиімділік орталығы түрінде ұсынылатын болады, ол жетекшілік ететін кәсіпорындарды сатылымға дейін және одан кейін қамтамасыз ету бойынша «WEG» алыстағы аванпостарының аймақтық қатысуын қамтамасыз етеді», - деп атап өтті Сергей Мущенко.

Айта кету керек, WEG қызметі 5 өндірістік бағытта шоғырланған: электрлік қозғалтқыштар мен редукторлар; автоматтандыру технологиялары; энергияны беру және тарату жабдықтары; энергияны өндіру жабдықтары; өнеркәсіптік сұйықтықтар және т. б.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге