Баспасөз релиздері

Миллиардер Гаутам Адани Астанаға келді

Миллиардер Гаутам Адани Астанаға келді

Астанаға іскерлік сапармен Үндістандық «Adani Group» конгломератының басшысы Гаутам Адани келді, деп хабарлайды «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ баспасөз-қызметі.

Үндістан делегациясын Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қабылдайды. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Әлихан Смайыловпен және де орталық мемлекеттік органдардың басшыларымен кездесулер жоспарлануда.

Тараптар логистика, энергетика, мұнай-химия және т. б. салалардағы екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылайды деп күтілуде.

2022 жылғы қарашада «Adani Group» жалпы нарықтық капиталдандыруы рекордтық $280 млрд-қа жетті (2015 жылғы $16 млрд-тан 17 есе өсім).

«Adani Group» компаниясының Қазақстанға сапарын ҚР СІМ және KAZAKH INVEST ұйымдастырды.

 

Анықтама:

«Adani Group» - 1988 жылы Гаутам Адани құрған, штаб-пәтері Ахмадабадта орналасқан Үндістандық конгломерат. Компанияның негізін қалаушы және иесі Гаутам Адани, Bloomberg журналына сәйкес қаражаты $129 млрд асатын Азияның ең бай адамы, және де әлемдегі ең бай адамдардың қатарында 3-ші орында (Forbes мәліметтері бойынша қаражаты $136 млрд).

«Adani Group» жылдық табысы $25 млрд асады, 70-тен астам елде 23000-нан астам қызметкерлері бар.

«Adani Group» энергетика, теңіз порттары мен логистиканы, тау-кен өнеркәсібі мен пайдалы қазбаларды өндіруді, газды, сондай-ақ әуежайларды, деректер орталықтарын және т. б. қамтитын 7 компаниядан тұрады.

«Adani Group» $1 триллионға бағаланған компаниялардың элиталық жаһандық клубына қосылу мақсатын көздей отырып, экономиканың әртүрлі секторларына (жасыл энергетика, деректер орталықтары, әуежайлар және т.б.) шамамен $150 млрд инвестициялауды жоспарлап отыр.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге