Баспасөз релиздері

KAZAKH INVEST Франциядағы ауыл шаруашылығы форумы аясында АӨК саласындағы меморандумдарға қол қойылды

KAZAKH INVEST Франциядағы ауыл шаруашылығы форумы аясында АӨК саласындағы меморандумдарға қол қойылды

Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенінің инвестициялық мүмкіндіктері, сондай-ақ инвесторларды мемлекеттік қолдау шаралары Ренн қаласындағы (Франция) ірі ауыл шаруашылығы форумы барысында таныстырылды.

Іс-шараға Францияның мемлекеттік органдарының, ауыл шаруашылығы қауымдастықтарының, институттары мен іскер топтарының жүзден астам өкілдері қатысты.     

Форум аясында ауыл шаруашылығы вице-министрі Рүстем Құрманов, Қазақстанның Франциядағы Елшісі Жан Ғалиев, "KAZAKH INVEST "ҰК" АҚ, ғылыми орталықтар мен бизнес өкілдері Францияның ірі ауыл шаруашылығы компанияларының басшыларымен бірқатар кездесулер өткізді. 

Кездесу барысында бизнес өкілдеріне ғылыми салада және ауыл шаруашылығы шикізатын өңдеу (ет және сүт, картоп, қант қызылшасы, майлы дақылдар, жеміс, көкөніс) Қазақстанның тауашалық инвестициялық жобалары таныстырылды:  

"Франция-Еуропадағы ауыл шаруашылығы дақылдарын өндіру және қайта өңдеу бойынша көшбасшылардың бірі. Француз бизнесінің өкілдері мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығы саласындағы жобаларға үлкен қызығушылық танытуда. Сонымен қатар, АӨК саласында бүгінгі таңда 30-дан астам жаңа тауашалық жоба іріктеліп, «қапталды». Жыл соңына дейін жергілікті бизнеспен бірге тағы 20-ға жуық жобаны «қаптау» жоспарланып отыр. Жалпы, алдағы уақытта біздің бағалауымызша, осы бағыттардағы қосымша және әлі іске асырылмаған әлеует шамамен $10 млрд құрайды", - деп атап өтті "KAZAKH INVEST "ҰК" АҚ-ның жобалық менеджері Сәуле Сабыр.

Кездесу қорытындысы бойынша KAZAKH INVEST, MERIAL және Loste Group француз компаниялары арасында малға арналған вакцина өндіру және сиыр етінен жасалған ет өнімдерін өңдеу саласында ноу-хау технологияларды енгізу саласында ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге