Баспасөз релиздері

Малайзиялық "AirAsia X" наурыз айында Куала-Лумпурдан Алматыға тікелей рейстерді бастайды

Малайзиялық "AirAsia X" наурыз айында Куала-Лумпурдан Алматыға тікелей рейстерді бастайды

«KAZAKH INVEST» ҰҚ» АҚ Инвестициялар және маркетинг тарту департаментінің директоры Нұржан Әбілхайыр «AirAsia X» малайзиялық авиакомпаниясының өкілдерімен кездесу өткізді.

«AirAsia X» компаниясы әлемнің 25 еліне әуе сапарларын жасайды. 2024 жылғы наурызда авиатасымалдаушы Қазақстан мен Малайзия арасындағы тікелей әуе қатынасын алғаш рет аша отырып, "Куала-Лумпур – Алматы – Куала-Лумпур" бағыты бойынша рейсті іске қосады. Бұл жоба қазақстандықтардың Оңтүстік-Шығыс Азияның негізгі экономикалық және туристік нарықтарына қол жеткізуін едәуір жеңілдетеді. Ол іскерлік белсенділік пен мәдени-гуманитарлық байланыстардың өсуіне, сауданың ұлғаюына, инвестициялық ынтымақтастықтың кеңеюіне және Қазақстанға туристік ағымды тартуға оң әсер етеді.

1.jpg

«AirAsia X» кіретін «Capital А» холдингі авиатасымалдар, логистика, қонақ үй бизнесі, автокөлік қызметтері, онлайн-банкинг, авиабилеттер мен турпакеттерді генерациялау және сату, сондай-ақ өңірде жоғары танымалдылыққа ие маркетплейсі бар мобильді қосымшаны қамтитын әртараптандырылған портфельге ие. Осыған байланысты компания өкілдері Орталық Азия нарығына шығу мақсатында Қазақстанда осындай жобаларды дамытуға ниет білдірді.

Н. Әбілхайыр өкілдеріне ҚР инвестициялық ахуалы, «KAZAKH INVEST» ҰҚ» АҚ қызметі және мемлекеттік қолдау шаралары туралы айтып, малайзиялық компанияны одан әрі ынтымақтастыққа шақырды.

«AirAsia X» бас атқарушы директоры Беньямин Бин Исмаил компанияның логистика, туризм және инфрақұрылым салаларында бірлескен әріптестікті дамытуға қызығушылығын атап өтті, сондай-ақ компанияның Қазақстандағы өкілдігін ашуға дайындығын атап өтті. «KAZAKH INVEST» ҰҚ» АҚ және «AirAsia X» инвестициялық-экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға, сондай-ақ перспективалы жобаларды іске асыруда ынтымақтасуға келісті.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге