Баспасөз релиздері

Люксембург Қазақстанмен инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі

Люксембург Қазақстанмен инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі

Люксембург сауда палатасы Қазақстанның Бельгиядағы Елшілігі мен «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ-мен бірлесіп «Қазақстан-үлкен мүмкіндіктер елі» вебинарын ұйымдастырды.

Іс-шараға Қазақстанның Бельгиядағы және Люксембург Ұлы Герцогтігіндегі Елшісі Айгүл Құспан, ҚР СІМ Инвестициялар жөніндегі комитетінің басшысы Асқар Шоқыбаев, Қазақстанның Люксембургтегі құрметті консулы Бенедикт Соботка, Люксембург Сауда палатасының халықаралық ынтымақтастық жөніндегі директоры Синди Тереба, «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ, АХҚО және «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ өкілдері қатысты.

Өз сөзінде Қазақстан елшісі А.Құспан Қазақстанның шетелдік инвесторлар үшін әлеуметтік-экономикалық тартымдылығын, екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастық перспективаларын, Люксембургпен саяси қарым-қатынастардың жоғары деңгейін атап өтті.

А.Шоқыбаев Люксембургтің Қазақстан экономикасына салған инвестициясының жоғары көрсеткіштерін атап өтті. Ол шамамен 1,4 млрд АҚШ долларын құрайды. Сонымен қатар, қазақстандық дипломат еліміз Люксембургтің болашақ инвесторлары үшін ашықтығын, бірлескен жобаларға дайындығын атап өтті.

Сонымен қатар, KAZAKH INVEST-тің еуропадағы шетелдік өкілі Айнұр Тұмышева Қазақстанның инвестициялық ахуалы мен шетелдік бизнесті қолдау шараларымен таныстырды.

«Бүкіл әлемде тікелей шетелдік инвестициялар көлемінің төмендеуі жағдайында жұмыс істеп тұрған және әлеуетті инвесторларға барлық қажетті қолдау көрсету біздің басымдығымыз болып табылады. Біздің табиғи артықшылықтарымыз, сондай-ақ Қазақстанда соңғы онжылдықта қалыптасқан мемлекеттік институттар мен инвестициялық климатымыз тұрақты ұзақ мерзімді нәтижені қамтамасыз етіп, дағдарыстың салдарын жұмсартады. Қазақстанда бизнес-бастамалар мен инвестициялық мүмкіндіктерді табысты іске асыру үшін жан-жақты қолдау таба аласыз. Және KAZAKH INVEST табысқа жету жолында сіздің сенімді серіктес болғаныңызға қуанышты болады», - деп атап өтті Айнұр Тумышева.

Іс-шара нәтижелері бойынша тараптар екіжақты сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге ниет білдірді.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге