Баспасөз релиздері

Бахрейн компаниялары Қазақстанда жобаларды жүзеге асыруға мүдделі

Бахрейн компаниялары Қазақстанда жобаларды жүзеге асыруға мүдделі

«KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ шетелдік өкілі Құрманғали Аманқосов Бахрейн Мәліктігінде, Манама қаласында болды. Сапар барысында ол Bin Hindi Group, Abdulhakim Al Shammary Group of Companies, Bin Faqeeh Company, Fakhro Group және MCSIX Holdings сияқты компаниялардың басшылығымен бірқатар кездесулер өткізді. Шетелдік өкіл басшылықты ұлттық компанияның қызметі туралы хабардар етіп, Қазақстан Республикасындағы инвестициялық ахуалмен, Бахрейн бизнесінің мүмкіндіктерімен және қолданыстағы мемлекеттік қолдау шараларымен таныстырды.

4aca0aa8-5e83-4c85-930b-bd965c1297da 2.JPG

Өз кезегінде Бахрейн кәсіпкерлері қауымдастығының директорлар кеңесінің төрағасы Ахмед Бин Хинди жергілікті бизнес өкілдерінің елімізде және шетелде жүзеге асырып жатқан жобаларына тоқталды. Ол қауымдастық мүшелерінің Қазақстан Республикасының аумағында инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға, оның үстіне Қазақстаннан ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алуға мүдделі екенін білдірді. Сондай-ақ, Бахрейн тарапы сауда-экономикалық және инвестициялық мүмкіндіктерді талқылау үшін Бахрейн мен Қазақстанда іскерлік миссиялар өткізуге дайын екенін атап өтті.

photo1700474359 (1).jpeg

«Bin Hindi Group» компаниясының басшысымен кездесу барысында олардың Оңтүстік Корея мен Қытайдағы серіктестерімен автокөлік бизнесінде жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

«Abdulhakim Al Shammary Group of Companies» төрағасы Хаким Альшамари компания құс еті мен мал азығын өндіру бойынша жобаларды дамытуға мүдделі екенін айтты. Одан әрі «Bin Faqeeh Real Estate Investment Company» компаниясымен кездесу барысында жылжымайтын мүлік және қонақ үй бизнесі саласындағы жобалар талқыланды.

photo1700474359.jpeg

Сонымен қатар, «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ шетелдік өкілі Али Бадермен кездесті. Ол «Bahrain Economic Development Board» Парсы шығанағы елдері бөлімін басқарады. Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықты тереңдету және инвестициялық әлеуетті ілгерілету және екі ведомство арасында серіктестік орнату бойынша жұмысты күшейту мәселелері талқыланды. Оның ішінде мүдделі кәсіпкерлердің қатысуымен онлайн/офлайн форматында тұрақты іс-шаралар өткізу арқылы.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге