Баспасөз релиздері

Қазақстан Канадамен өнеркәсіп және инвестиция саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда

Қазақстан Канадамен өнеркәсіп және инвестиция саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда

Торонто қаласында PDAC-2025 аясында Қазақстан делегациясы Канаданың бизнес өкілдерімен және мемлекеттік құрылымдарымен бірқатар кездесулер өткізді. Келіссөздер барысында инвестициялық мүмкіндіктер, өнеркәсіптік кооперацияны дамыту және екіжақты ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды. Кездесулерге ҚР СІМ Инвестициялар комитетінің төрағасы Габидулла Оспанкулов қатысты.

«Sweating assets – Optimizing for Peak Performance» атты жұмыс таңғы асы барысында Қазақстан делегациясының өкілдері халықаралық инвесторлармен өндірістік активтерді оңтайландыру және ресурстарды тиімді басқарудың жаңа тәсілдері жөнінде пікір алмасты.

Одан кейін тау-кен саласындағы инновациялық шешімдерге маманданған Hatch компаниясының басшылығымен кездесу өтті. Тараптар технологиялық серіктестік мүмкіндіктерін және қазақстандық кәсіпорындарға озық инженерлік шешімдерді енгізу перспективаларын талқылады.

Одан басқа Teck Resources, Cameco, First Quantum Minerals және Nutrien сияқты жетекші компаниялармен екіжақты кездесулер өтті. Келіссөздер барысында пайдалы қазбаларды барлау және өндіру бойынша инвестициялық жобалар, тау-кен саласына заманауи технологияларды енгізу және өндірісті жергілікті деңгейде дамыту мәселелері талқыланды.

"Қазақстан жер қойнауын пайдалануда халықаралық компаниялар үшін сенімді әріптес болып қала береді. Біздің ел стратегиялық маңызды металдарды өндіру және өңдеу саласында үлкен әлеуетке ие, сондықтан әлемдік жетекші корпорациялармен ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделіміз", – Г. Оспанкулов.

Сонымен қатар, Қазақстан делегациясы тау-кен өндірісі қалдықтарын экологиялық тұрғыдан қауіпсіз өңдеу технологияларын әзірлейтін BacTech Environmental Corporation өкілдерімен келіссөздер жүргізді. Қазақстан кәсіпорындарында биотехнологиялық шешімдерді енгізу мүмкіндіктері қарастырылды, бұл металдар өндіру тиімділігін арттыруға және қоршаған ортаға әсерді азайтуға мүмкіндік береді.

Қазақстан делегациясы сондай-ақ Қазақстан-Канада саяси консультацияларына қатысып, екіжақты ынтымақтастықтың басым бағыттарын, инвестиция тарту тетіктерін және сауда байланыстарын дамыту мәселелерін талқылады.

Іскерлік күннің бағдарламасы Cameco компаниясының ресми қабылдауына қатысумен аяқталды, онда ядролық энергетика және уран өндіру саласындағы одан әрі ынтымақтастық мүмкіндіктері бойынша пікір алмасу жалғасты.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге