Баспасөз релиздері

Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер, аймақтағы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуін бірлесіп өткізеді

Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер, аймақтағы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуін бірлесіп өткізеді

Ташкентте Түркі мемлекеттері ұйымына (ТМҰ) мүше мемлекеттердің ауыл шаруашылығы министрлерінің, түркі елдеріндегі агроөнеркәсіп кешенін дамыту мәселелері бойынша бірінші отырысы және де Түркі агрофорумы, Экономикалық ынтымақтастық ұйымына (ЭЫҰ) мүше елдер ауыл шаруашылығы министрлерінің жетінші кездесуі өтті.

Форум барысында ауа-райының өзгеруі, негізгі өнім өндірісінің азаюы, негізгі аграрлық елдердің сауда саясатындағы өзгерістер, әлемде халық санының өсуі туралы сұрақтар көтерілді. Мұның бәрі жер шарындағы азық-түлік бағасының өсуіне әкеледі, сонымен қатар саладағы сұраныс пен ұсыныстың теңгерімсіздігін қалыптастырады.

Қазақстан Түркі өңірінің бизнесмендерімен Қазақстан аумағында ауыл шаруашылығы шикізатын (ет және сүт, картоп, қант қызылшасы, майлы дақылдар, жемістер, көкөністер, былғары шикізаты) одан әрі Үшінші елдерге экспорттау үшін қайта өңдеу бойынша бірлескен жобаларды ұйымдастыру бойынша пысықтауды қарауға дайын екенін білдірді.

Форум алаңында қазақстандық Beef Export компаниясы Өзбекстанға сиыр етін жеткізу бойынша үш келісімшартқа қол қойды. KAZAKH INVEST қолдау көрсеткен жоба, Қостанай облысында 2021 жылы пайдалануға берілді.


Сонымен қатар, сапар барысында KAZAKH INVEST Жоба департаменті директорының орынбасары Сәуле Сабыр Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктерімен таныстырды. Сондай-ақ, агрофорум аясында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашүкеевтің төрағалығымен «Тат Гида» түрік компаниясының басшысы Эврен Альбахпен кездесу өтіп, қызанақты өңдеу жобасын құру мәселесі талқыланды. Қазіргі уақытта жоба белсенді даму сатысында, қаржы институттарымен келіссөздер жүргізілуде.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметі бойынша, пандемияға және онымен байланысты факторларға қарамастан, 2021 жылы қазақстандық агроөнеркәсіп өнімдерінің экспорты 3,7 млрд долларды құрады, бұл ретте барлық өнімнің 36%-ға жуығы (1,3 млрд доллар) ТМҰ елдеріне экспортталды. Қазақстан Республикасы мен ТМҰ елдері арасындағы ауыл шаруашылығы өнімдерінің айналымы 2021 жылы $1,79 млрд құрады, бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (1,533 млрд доллар) 17,1%-ға артық.

Қазақстан мен ТМҰ мүшелері арасындағы сауда қатынастары өзара тиімді ынтымақтастықты тереңдету үшін үлкен әлеуетке ие. 

Анықтама:

Түркі мемлекеттері ұйымы – 5 мемлекет пен екі бақылаушы елді біріктіретін, жалпы саны 150 миллионға жуық халқы бар халықаралық ұйым. Құрылған экономикалық диалогтардың, жақсы жолға қойылған өзара іс-қимыл үдерісінің және сенім шараларын іске асыру тетіктерінің арқасында, ТМҰ жаңа сын-қатерлер мен қауіптерге бірлесіп қарсы тұрудың тиімді құралы болу перспективасына ие.

 

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге