Баспасөз релиздері

Қазақстан мен Ресей: инвестиция тарту бойынша тәжірибе алмасу

Қазақстан мен Ресей: инвестиция тарту бойынша тәжірибе алмасу

2022 жылғы 28 маусымда Инвестициялар және даму агенттіктерінің ұлттық қауымдастығы (NAAIR) алаңында «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Татарстан Республикасының (РФ) Инвестицияларды ынталандыру агенттігімен бірлескен ақпараттық сессиясы өтті.

Бұл шараға Ресей Федерациясының 50 өңірінен 60-тан астам инвестицияны ынталандыру агенттіктерінің өкілдері қатысты.

Құттықтау сөзінде «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Жандос Темірғали инвестиция тартудың үш деңгейлі ұлттық жүйесі мен инвестициялық саясаттың негізгі бағыттары туралы айтты.

KAZAKH INVEST стратегия және цифрлық даму департаментінің директоры Дина Оразымбетова Қазақстанға инвестиция тарту үрдістері, сондай-ақ ұлттық компания қызметінің негізгі бағыттары туралы айтты.

Еуропа елдері бойынша жоба жетекшісі Алтынай Мұқанова Қазақстан Республикасына шетелдік инвестицияларды тарту тәжірибесіне, сондай-ақ шетелдік өкілдердің жұмысына тоқталды.

«Бір терезе» қағидаты бойынша жұмыс тобының жетекшісі Әйгерім Қойлақова мен Инвестициялық омбудсмен тобының жетекшісі Ирина Ферафонова Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қызметті мемлекеттік қолдау және «бір терезе» қағидаты бойынша инвесторларды қолдау шаралары туралы айтты. Сондай-ақ инвесторлардың құқықтарын қорғау тетіктерінің бірі ретінде инвестициялық омбудсмен жұмысының принциптерін талқылады.

Өз кезегінде, Иван Аврах, Рафаэль Хусяиншин бастаған NAAIR өкілдері, сондай-ақ Татарстан Республикасының Инвестицияларды дамыту агенттігі Марина Епифанцева, Игорь Сапунов инвесторлармен жұмыс істеу тәжірибесімен бөлісті, және «бір терезе» қағидаттары туралы айтты.

Тараптар Қазақстан мен Ресей арасындағы инвестициялық және технологиялық ынтымақтастықты одан әрі дамыту әлеуетін талқылады. Сондай-ақ оффлайн және онлайн форматта тәжірибе алмасу үшін алдағы уақытта семинарлар өткізуге келісті.

Инвестициялар және даму агенттіктерінің ұлттық қауымдастығы (NAAIR) – инвестициялық тартымдылықты және инвестиция ағынын арттыруға қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған өңірлік даму институттарының (инвестициялық агенттіктер мен даму корпорацияларының) күш-жігерін біріктіру мақсатында 2006 жылы құрылған коммерциялық емес ұйым. https://naair.ru/

Татарстан Республикасының Инвестицияларды ынталандыру агенттігі 2011 жылғы маусымда құрылған және инвестицияларды тарту, инвестициялық жобаларды қолдау және іске асыру, қалыптастыруға қатысу жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асыратын Татарстан Республикасының (Татарстан Республикасының департаменті) атқарушы органы болып табылады. Мақсаттары - қолайлы инвестициялық ахуалды құру, Татарстан Республикасының инвестициялық тартымдылығын арттыру. https://invest.tatarstan.ru/

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге