Баспасөз релиздері

Қазақстан мен Оман инвестициялық қарым-қатынасты кеңейтуге ниетті

Қазақстан мен Оман инвестициялық қарым-қатынасты кеңейтуге ниетті

Маскат қаласында «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ пен Қазақстан Республикасының Оман Сұлтанатындағы Елшілігінің өкілдері Омандық инвестициялық компаниялармен бірқатар келіссөздер жүргізді.

Оман Сұлтандығына сапары барысында «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ-ның Парсы шығанағының араб елдеріндегі шетелдік өкілі Құрманғали Аманқосов «Investors Bridge» (Оман инвесторлары қауымдастығы) компаниясының басшысы Ахмед Аль Хартимен кездесіп, екіжақты қарым-қатынасты тереңдету және ынтымақтастық пен инвестициялық әлеуетті ілгерілету бойынша жұмыстарды күшейту мәселелерін талқылады. Мүдделі бизнес өкілдерімен онлайн/офлайн форматында іс-шараларды жүйелі түрде өткізу ұсынылды. Сондай-ақ, олар Қазақстандағы шетелдік инвесторларды мемлекеттік қолдау шараларымен танысты.

Сапар барысында, «Suhail Bahwan Group», «MB Holding Barwani», «Zubair Corporation», «Atyab International Services», «Afkar Enterprises and Investment» сияқты компаниялардың басшылығымен бірқатар кездесулер өткізіліп, ауыл шаруашылығы, тау-кен металлургиялық кешені, денсаулық және білім салаларындағы жобалар талқыланды.

photo1674816365-2.jpeg

Осылайша, «Atyab International Services» (азық-түлік қауіпсіздігі) бас директоры Мохиб Ахмед Хан қазіргі уақытта Қазақстан стандарттау және метрология институты мен Қазақ аграрлық ұлттық университетімен бірлесіп, Қазақстанда Азық-түлікті сертификаттау орталығын құру барысында екенін айтты. Орталықта азық-түлік өнімдерін, оның ішінде органикалық және халал өнімдерін экспортқа шығару үшін зертханалық тексеру, аудит, сертификаттау қызметтері көрсетіледі.

«Afkar Enterprises and Investment» (көпсалалы холдинг) компаниясының басшысы Махфуд Али Аль Хартимен кездесу барысында Қазақстан Республикасының инвестициялық әлеуеті таныстырылып, шетелдік инвесторларды мемлекеттік қолдау шаралары туралы да ақпарат берілді. Өз кезегінде Махфуд Али Аль Харти компаниясының медицина және білім саласындағы жобаларды қарастыруға дайын екенін мәлімдеді.

WhatsApp Image 2023-01-27 at 16.31.15.jpeg

Сондай-ақ, «Suhail Bahwan Group» (ТМК) өкілімен кездесу барысында тау-кен металлургия саласындағы инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды. Компания өкілі Қазақстанның алтын, мыс және басқа да шикізатты өндіру бойынша инвестициялық мүмкіндіктерін зерттеуге мүдделі екенін атап өтті.

Кездесулер нәтижесінде тараптар инвестициялық жобаларды жүзеге асыру аясында одан әрі тығыз ынтымақтастық туралы келісті.

Анықтама:

Қазақстан Республикасы мен Оман арасындағы сауда: Екі ел арасындағы іскерлік белсенділіктің өсу тенденциясы байқалады.

2019 жыл – $472,6 мың (экспорт – $445,0 мың, импорт $27,7 мың).

2020 жыл – $273,5 мың  (экспорт – $267,4 мың, импорт – $6,1 мың).

2021 жылы тауар айналымы $2,8 млн жетті (экспорт – $2,5 млн, импорт – $370 мың).

2022 жылдың қаңтар-тамыз аралығында тауар айналымы $5,6 млн (экспорт - $420,3 мың, импорт - $5,2 млн) құрады. 

Тікелей инвестициялар: Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мәліметтері бойынша 2005 жылдан 2021 жылға дейін Оманнан Қазақстанға тікелей инвестициялардың жалпы ағыны $253,4 млн құрады. Тікелей инвестиция ағыны бойынша Оман Парсы шығанағындағы араб мемлекеттерінің ішінде екінші орында тұр.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге