Баспасөз релиздері

Қазақстан және ЭЫДҰ: экономиканы әртараптандыру және бәсекеге қабілеттілікті арттыру стратегиясы

Қазақстан және ЭЫДҰ: экономиканы әртараптандыру және бәсекеге қабілеттілікті арттыру стратегиясы

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) «KAZAKH INVEST «ҰК» АҚ қолдауымен «Әртараптандыруды ынталандыру және тікелей шетелдік инвестициялар мен шағын және орта бизнес арасындағы байланыстарды жолға қою» тақырыбында вебинар ұйымдастырды.  ЭЫДҰ бағдарламасы шеңберінде Еуразия елдерінде инвестициялар тарту агенттіктерінің қызметі туралы ақпаратты жинау және жүйелеу, олардың жұмыс әдістерін салыстыру бойынша жұмыс жүргізілді.

«KAZAKH INVEST «ҰК» АҚ осы зерттеуге қатысты, бұл компания үшін Еуразия елдері инвестицияларын тарту агенттіктері мен ЭЫДҰ арасындағы өзара іс-қимыл үшін диалогтық тетікті құруда шешуші қадам болды.

ЭЫДҰ-ның екі жылдық бағдарламасын іске асыру шеңберінде өткен кездесу барысында ТШИ мен ШОБ-тың бәсекеге қабілеттілігі мен әртараптандырылуына кедергі келтіретін саясаттарды реформалау мәселелері қозғалды.

«Жетіспейтін салаларға инвестициялар тартудың тиімділігін арттыру ішкі және шетелдік инвестициялар тарту көлемін ұлғайтуға және ШОБ-ты дамытуға бағытталған Қазақстан экономикасын әртараптандыру стратегиясын іске асырудағы түйінді бағыттардың бірі болып табылады. Менің ойымша, Қазақстанда Орталық Азия мен Каспий өңіріне инвестициялар тарту мақсатында өңірлік ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылауға жетекшілік ету үшін қажеттінің бәрі бар», - деп атап өтті ЭЫДҰ-ның Еуразия елдерімен жұмыс жөніндегі бөлімшесі тобының жетекшісі Пелин Атамер өз сөзінде.

Сонымен қатар, өз сөзінде «KAZAKH INVEST «ҰК» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Жандос Темірғали ЭЫДҰ жүргізген АӨИ қызметіне салыстырмалы талдау инвестицияларды тарту бойынша тәсілдерді түзету үшін, әсіресе пандемиядан кейін экономиканы қалпына келтіру кезеңінде маңызды негіз болғанын атап өтті.

«Бүкіл аймақ инвестиция үшін орын ретінде өз позициясын нығайтудан пайда көре алады. Орталық Азияның басқа елдері өңірдің неғұрлым теңгерімді дамуына ықпал ете отырып, инвестициялар үшін перспективалы бағыттарға айналуда. Орталық Азияның басқа елдерінің жедел дамуы тұрақты экономикалық өсімді және өңірлік байланысты қамтамасыз етеді. Біз 70 миллион тұтынушысы бар өңіріміз жаһандық инвестициялық картада үйлестірілген бірлескен позициялау кезінде әлдеқайда жақсы нәтижелерге қол жеткізеді деп санаймыз», - деп толықтырды Жандос Темірғали.

Айта кету керек, ЭЫДҰ бағдарламасы Қазақстан Үкіметіне ішкі және шетелдік инвестицияларды тарту көлемін ұлғайтуға және шағын, орта бизнесті дамытуға бағытталған экономиканы әртараптандыру стратегиясын іске асыруға көмек көрсету болып табылады. Бұл стратегия цифрлық технологияларды тарату үшін адами капиталды дамытуды, жетіспейтін салаларға инвестициялар тартудың тиімділігін, сондай-ақ аграрлық азық-түлік секторының бәсекеге қабілеттілігін арттыруды қамтиды.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге