Баспасөз релиздері

Қазақстан мен Нидерланды фитосанитарлық қауіпсіздік және агроөнеркәсіптік кешендегі ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады

Қазақстан мен Нидерланды фитосанитарлық қауіпсіздік және агроөнеркәсіптік кешендегі ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады

Фитосанитариялық қауіпсіздік мәселелері және ынтымақтастықты одан әрі нығайту мүмкіндіктері Нидерландыдағы Дүниежүзілік Хорти орталығындағы Қазақстан-Нидерланды аграрлық дөңгелек үстелінде талқыланды. Іс-шараны Қазақстанның Нидерландтағы Елшілігі және «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Dutch Greenhouse Delta қолдауымен ұйымдастырды. Дөңгелек үстел жұмысына 30-ға жуық шетелдік компания, сондай-ақ екі елдің ауыл шаруашылығы министрліктерінің өкілдері қатысты.

Бизнес іс-шара Қазақстанның Нидерландыдағы Елшісі Асқар Жұмағалиевтің құттықтау сөзімен ашылды. Елші Қазақстан мен Нидерландыдағы ауыл шаруашылығының рөлі туралы айтып, Нидерланд компанияларының өткен жылғы Қазақстанға сапарының қорытындысы бойынша қол жеткізілген келісімдердің іске асырылу барысы туралы ақпаратпен бөлісті, сондай-ақ ауыл шаруашылығы саласындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту бойынша ағымдағы жылға арналған алдағы жоспарлар туралы атап өтті.

«Өткен жылы біз ауыл шаруашылығындағы 70-тен астам Нидерландтық компанияға бардық. Біз кешенді түрде саланы дамытудың жоғары нәтижелеріне қол жеткізген олардың жаңа ресурс үнемдейтін технологияларымен, менеджментімен және экспорттық стратегиясымен таныстық. Нидерландтық тәжірибе ауыл шаруашылығын дамыту басым бағыт алатын Қазақстан экономикасын әртараптандырудың маңыздылығын тағы да растады. Сондықтан Елшілік жұмысында өзара тиімді ынтымақтастық үшін үлкен әлеуеті бар Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешеніне Нидерланд инвестициялары мен технологияларын тартуға көп көңіл бөлінеді», - деді Қазақстан Елшісі.

ҚР АШМ АӨК Мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы Марс Алмабек Қазақстандағы фитосанитариялық қауіпсіздік талаптары туралы ақпаратпен бөлісті, сондай-ақ экспорттық рәсімдерді жеңілдету үшін ведомство қабылдап жатқан жаңа шаралар туралы айтып берді. Комитет басшысы Нидерландтық компаниялардың тұқымдарға қойылатын фитосанитариялық талаптар, зертханалық сараптамалар жүргізу және ауыл шаруашылығы дақылдарында вирустар мен ауруларды анықтау шаралары туралы сұрақтарына жауап берді.

Қазақстан картоп және көкөніс шаруашылығы одағының президенті Қайрат Бисетаев пен Қазақстан Өсімдіктер биологиясы және биотехнологиясы институты зертханасының меңгерушісі Малика Шамекова NAK (Нидерландтық ауыл шаруашылығы тұқымы және тұқымдық картоптың бас инспекциялық қызметі) және Naktuinbouw (Нидерландтық бағбандық инспекциялық қызметі) серіктестерімен бірлескен жұмыс нәтижелерімен бөлісті. Олардың айтуынша, өткен жылдың қараша айының ортасынан бастап біздің мамандарға онлайн оқыту және кеңес беру шаралары басталды. 2022 жылы қазақстандық мамандардың Нидерландыға, сондай-ақ Нидерландтық мамандардың Қазақстанға шығуымен практикалық сабақтар өткізу жоспарлануда.

Сондай-ақ, дөңгелек үстелге қатысушылар Нидерландтық бизнесмендердің Қазақстанға алдағы сапарының егжей-тегжейін және олардың қазақстандық аграрийлер үшін өткізілетін вебинарлар сериясына қатысуын талқылады.

Дөңгелек үстел соңында қазақстандық тарап Нидерландыға Ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттау бойынша өзара іс-қимылды күшейтуді ұсынды.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге