Баспасөз релиздері

Қазақстан мен Монако экономикалық ынтымақтастықтың жаңа көкжиектерін талқылауда

Қазақстан мен Монако экономикалық ынтымақтастықтың жаңа көкжиектерін талқылауда

2020 жылғы 16 қарашада өткен «Қазақстан-Монако» инвестициялық вебинарынаКнязьдіктің іскерлік топтарының, екі елдің мемлекеттік құрылымдары мен дамуинституттарының жүзге жуық өкілдері қатысты.

Іс-шараның бастамашылары Қазақстан Республикасының Елшісі Жан Ғалиев пенМонако Княздігінің Елшісі Эвелин Жента сөз сөйлеп, жиналғандарға 2009 жылыдипломатиялық қатынастар орнатылған сәттен бастап саяси, сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты оданәрі нығайту және кеңейту үшін қомақты негіз қалыптасқанын атап өтті.

Қазақстандық дипломат екі елдің бизнес өкілдері арасындағы өзара тиімдісеріктестік үшін ашылып жатқан жаңа мүмкіндіктерге ерекше назар аударды.

«KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ инвестициялар тарту және маркетинг департаментініңдиректоры Жандос Темірғали Қазақстан Республикасының инвестициялықмүмкіндіктерімен таныстырып, бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары туралы айтыпберді. «Біз Монакодағы әлеуетті инвесторларға біздің толық қолдауымызбен түрлісекторлардағы нақты жобаларды ұсынуға дайынбыз. Бүгінгі таңда агробизнес, тау-кенөнеркәсібі және металлургия, мұнай-химия, машина жасау және туризм сияқтысекторларда 100-ден астам инвестициялық жобалар ұсынысы бар. Инвесторлардымемлекеттік қолдау жүйесі көпдеңгейлі болып табылады және түрлі салалықжеңілдіктерді қамтиды, ал инвестициялық шарт инвестициялық жобалар үшін негізгісалықтардан босатуды көздейді», - деп атап өтті Ж.Темірғали.

«Астана» халықаралық қаржы орталығы әкімшілігінің басқарма төрағасы ЕрнұрРысмағамбетовтың, «жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» КЕАҚ Басқарма төрағасы Жанна Қазжанованың, «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ Басқарматөрағасының орынбасары Қайрат Сәдуақасовтың және «Самұрық – Қазына «ҰӘҚ» АҚБасқарушы директоры Ержан Тұтқышевтың баяндамалары да Монако тарапыныңқызығушылығын тудырды.

Өз кезегінде «Monaco Economic Board» Экономикалық кеңесінің Бас директорыГийом Роз, сондай-ақ оның орынбасары Джастин Хаймэн және Монако қаржы қызметіқауымдастығының нарықты ілгерілету жөніндегі комиссиясының президенті ЭрвеОрдиони өз еліндегі экономикалық жағдайға шолу жасады. Инкубатор/акселератордыңқызметі туралы «Monaco Tech» Бас директоры Лионель Гальфре айтып берді.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге