Баспасөз релиздері

Қазақстан және Финляндия: инвестициялық мүмкіндіктерді кеңейту

Қазақстан және Финляндия: инвестициялық мүмкіндіктерді кеңейту

2022 жылғы 11 қазанда Хельсинкиде (Финляндия) «Қазақстан-Финляндия дөңгелек үстелі» өтті.

Құттықтау сөзімен Қазақстанның Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев пен Финляндия Сыртқы істер министрлігі бас директорының орынбасары Микко Кивикоси сөз сөйледі.

Қолайлы инвестициялық ахуалмен «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Руслан Ибраимов таныстырды.

«2021 жылы Финляндиядан тікелей инвестиция ағыны 24%-ға өсті. Бүгінгі инвестициялық іс-шара Финляндия кәсіпорындары үшін жаңа мүмкіндіктер мен перспективалар ашатынына және де Финляндиядан тікелей инвестиция ағынын көбейтуге ықпал ететініне сенімдімін», - деді Руслан Ибраимов өз сөзінде.

(изм)photo1665654916 (2).jpeg

Сондай-ақ, «Қазақстан-Финляндия дөңгелек үстелінің» спикерлері ретінде АХҚО Әкімшілігінің басшысы Нұрлан Тойымбек, «KTZ Express» АҚ бас директоры Асқар Қылышбеков, ҚИФФ Заң департаментінің директоры Айдын Мұхаметжанов, Қазақтелеком» АҚ мемлекеттік органдарымен Даму жөніндегі басқарушы директор Әкімжан Ақылбеков және «QazTrade» АҚ халықаралық нарықтарды талдау департаментінің директоры Өжет Шегірбаев қатысты.

Форум аясында Қазақстанның Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі, Финляндиядағы Қазақстан Елшілігі, KAZAKH INVEST қатысуымен G2B форматында «ABB Finland», «Tikkurila» және «Teknos» сияқты ірі компаниялар басшыларының қатысуымен екіжақты кездесулер өтті.

«Біздің компаниялар тобы Қазақстанды үлкен мүмкіндіктер мен индустриялық әлеует нарығы ретінде қарастырады. Біз KAZAKH INVEST бастамасымен құрылған Қазақстанның «Жасыл сутегі альянсы» аясында жаңғырмалы энергия жобаларында қатысуымызды ұлғайту, дәстүрлі генерациялау, технологиялық өндіріс орындарын ашу және жаңғырту мәселелерін қарастыруға дайынбыз», - деді Teknos компаниясының коммерциялық директоры Оути Каллио.

KAZAKH INVEST компаниясы «Team Finland» өкілдерімен бірге инвестициялық іс-шара аясында «Tukes», «Scandi», «Nurminen Logistics», «ISKU», «Kone» басшыларымен және бизнес-қауымдастықтың басқа да өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізді.

(изм)photo1665654916 (1).jpeg

Финляндияның «Tukes» агенттігінің басшысы Киммо Пелтонен Қазақстанға сапармен келуге дайын екенін білдірді. Ынтымақтастық Қазақстан Республикасында өндірілетін химия өнімдерінің әлеуетін арттыруға, осы саланың серпінді және тұрақты дамуы үшін қолайлы жағдайлар жасау мақсатында химия өнеркәсібінің тауарларын өндіруге, айналыстағы тәуекелдерді бағалағауға қол жеткізеді.

Дөңгелек үстел аясында «Жасыл Даму» АҚ мен «KaukoInternational», «Hlad» компаниялары арасында жасыл энергетика саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге