Баспасөз релиздері

Қазақстан мен Чехия инвестициялық ынтымақтастықты арттыруда

Қазақстан мен Чехия инвестициялық ынтымақтастықты арттыруда

Астанада дүйсенбіде ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов пен Чехия Республикасының Премьер-министрі Петр Фиаланың қатысуымен Қазақстан-Чехия бизнес-форумы өтті. Форумды ҚР СІМ, «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ, Қазақстанның Чехиядағы Елшілігі және Чехияның ҚР Елшілігі ұйымдастырды. Іс-шара Чехия Республикасының Премьер-министрі бастаған делегациясының Қазақстанға сапары аясында өтуде.

psx-20230424-141229.jpg

Қазақстан-Чехия бизнес-форумы екі ел арасындағы экономикалық байланыстарды кеңейтуге, Қазақстан және Чехия кәсіпкерлері арасындағы іскерлік байланыстар мен өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға бағытталған.

1_F10A5557.JPG

Іс-шараға орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың, ұлттық және квазимемлекеттік компаниялардың басшылары, салалық және өңірлік бизнес-қауымдастықтардың өкілдері, сондай-ақ Škoda Transportation, TELMO, EGAP, STV Group және басқа да жетекші чех компанияларының басшылары қатысты. Форум жұмысына барлығы 150-ден астам делегат қатысты.

psx-20230424-141416.jpg

Іс-шараны ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов пен Чехия Республикасының Премьер-министрі Петр Фиала құттықтау сөздерімен ашты.

F10A5630.JPG

Сонымен қатар, пленарлық отырыста «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Мейіржан Юсупов Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктерін таныстырып, мемлекеттік қолдау шаралары туралы айтып, Чех кәсіпкерлерін Қазақстандағы инвестициялық жобаларды іске асыруға шақырды.

F10A5695.JPG

Сондай-ақ, отырыста Чехия Экономикалық палатасының вице-президенті Штефл Михал және «Қазақстан Инжиниринг» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Теміржан Әбдірахманов сөз сөйледі. Чехия Экономикалық палатасының жоба жетекшісі Ивана Яворова қатысушыларға B2B кездесулеріне келген Чех компанияларын таныстырды.

F10A5744.JPG

Форум аясында екіжақты құжаттарға қол қою рәсімі де өтті. Осылайша, Қазақстан Сыртқы істер министрлігі мен Škoda Transportation базалық қағидаттар туралы негіздемелік келісімге қол қойды. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Чехия Қорғаныс министрлігінің қорғаныс ынтымақтастығы жөніндегі Үкіметаралық агенттігімен (АМОЅ) әскери-техникалық ынтымақтастық бойынша өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойды. Сондай-ақ, «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ мен Omnipol арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

2к_DSC_0996.jpg

«KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ және Transko Қазақстанда автокөлік құралдарына арналған шанақтарды құрастыру туралы Меморандумға қол қойды, ал Қазақстанның Даму Банкі мен EGAP, a.s инвестициялық жобаларды қаржыландыру саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.

Чехия Қазақстанның Еуроодақтағы маңызды серіктесі болып табылады, елдер арасында сауда-экономикалық ынтымақтастықты тереңдетуге, инвестицияларды ындаландыруға және өзара қорғауға бағытталған бірқатар үкіметаралық келісімдер бар.

Қазақстан мен Чехия арасындағы тауар айналымы 2022 жылы $370 млн асты, бұл өткен жылмен салыстырғанда 68% - ға жоғары ($252 млн).

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге