Баспасөз релиздері

Қазақстан мен Болгария экономикалық ынтымақтастықты нығайтуда: KAZAKH INVEST Софияда өткен бизнес-форумда инвестициялық мүмкіндіктерді таныстырды

Қазақстан мен Болгария экономикалық ынтымақтастықты нығайтуда: KAZAKH INVEST Софияда өткен бизнес-форумда инвестициялық мүмкіндіктерді таныстырды

Қазақстан мен Болгария арасындағы экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның 5-отырысы аясында Болгария астанасы София қаласында екі елдің мемлекеттік органдары мен іскер топтарының қатысуымен бизнес-форум өтті. Қазақстан тарапынан форумның ашылуына ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин, Болгария тарапынан – Экономика және өнеркәсіп министрі Петр Дилов қатысты. Тараптар инвестиция, сауда және өндірістік кооперация салаларындағы ынтымақтастықты дамытуға дайын екендіктерін білдірді.

Форум аясында Оңтүстік Еуропа өңірі бойынша «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ-ның шетелдегі өкілі Алтынай Мұқанова Қазақстанның инвестициялық әлеуеті туралы таныстырылым жасады. Ол шетелдік инвесторларға ұсынылатын жағдайлар, дайын инфрақұрылымы бар индустриялық аймақтар, мемлекеттік қолдау шаралары мен өндірісті жергіліктендірудің басым бағыттары туралы кеңінен айтып өтті.

Оның айтуынша, Қазақстан экспортқа бағытталған өндірісті орналастыру үшін нақты құралдар ұсынып отыр — бұл агроөнеркәсіптік кешен, машина жасау, фармацевтика, логистика және жасыл экономика салаларына қатысты.

«Біз болгарлық компанияларды ынтымақтастыққа шақырамыз және жоба алаңын таңдаудан бастап тіркеу мен іске қосуға дейінгі барлық кезеңде жан-жақты қолдау көрсетуге дайынбыз», — деді А. Мұқанова.

Іссапар аясында Еуропалық Одақ елдеріне үйрек етін жеткізу және құс етін қайта өңдеу саласында маманданған Lekkerbek компаниясының өкілдерімен келіссөздер өткізілді. Тараптар Қазақстан аумағында жергілікті серіктестермен бірге ЕО стандарттарына сай ет өңдеу зауытын салу мүмкіндігін талқылады. Жоба экспортқа бағытталған және мал шаруашылығын дамытуға серпін береді.

Форум барысында Қазақстан мен Болгария компаниялары арасында B2B-кездесулер өтті. Ауыл шаруашылығы, қайта өңдеу, энергетика, фармацевтика және логистика салаларында нақты іскерлік мүдделер белгіленді. Тараптар болашақта бірлескен жобаларды жүзеге асыру мен тұрақты іскерлік байланыс орнату үшін коммуникациялық платформа құру ниеттерін растады.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге