Баспасөз релиздері

Қазақстан мен Германия екіжақты ынтымақтастықты нығайтады

Қазақстан мен Германия екіжақты ынтымақтастықты нығайтады

Астанада Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдың қатысуымен Қазақстан-Германия бизнес форумы өтті. Неміс экономикасының Орталық Азиядағы өкілдігі, Германияның Сауда-өнеркәсіп палатасы, «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ қолдауымен ұйымдастырылған шараға Қазақстандағы мемлекеттік органдар мен жеке бизнес өкілдері, сондай-ақ Германия экономикасының 40 жетекші өкілдері қатысты.

Форум аясында іскерлік байланыстарды одан әрі дамыту мен кеңейту және екіжақты сауданы ілгерілету перспективалары мен мүмкіндіктері талқыланды, сондай-ақ Қазақстан мен Германия арасындағы нақты бірлескен жобалар талқыланды.

2.jpg

Роман Скляр Қазақстан инвестициялық ахуалды жақсартуға ерекше көңіл бөлетінін атап өтті. Ол Германияны Қазақстанның Еуропалық Одақтағы ең маңызды серіктестерінің бірі деп атап, энергетика, өнеркәсіп, көлік және логистика сияқты басым салалардағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге мүдделілік танытты.

Глава.jpg

Өз кезегінде Германияның Сауда-өнеркәсіп палатасының Сыртқы сауда бөлімінің басшысы Фолькер Трейер аймақтағы қазіргі геосаяси жағдай аясында екіжақты ынтымақтастықтың маңыздылығына тоқталды. Германия статистикасына сәйкес, елдер арасындағы сауда 2022 жылы 90,2 пайызға артып, жалпы сомасы 9,7 миллиард еуроға жетті. Қазақстанның Германияға экспорты да 86,5 пайызға өсіп, 6,9 миллиард еуроны құрады.

DSC_0163.jpg

«KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Мейіржан Юсупов Қазақстан Республикасының инвестициялық ахуалы, инвесторларды мемлекеттік қолдау шаралары туралы айтты, сондай-ақ неміс компанияларын Қазақстанда жобаларды жүзеге асыруға шақырды. Оның айтуынша, қазіргі таңда бірлескен қазақстандық-германдық инвестициялық жобалардың тізімі жалпы сомасы 54 миллиард доллардан асатын 57 жобаны құрайды.

7.jpg

Сондай-ақ форумда сөз сөйлеген АХҚО басшысы Ренат Бектұров орталық аясында бизнес жүргізудің артықшылықтарына тоқталып, «Бәйтерек» ұлттық холдингі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Әділ Мұхамеджанов ұлттық компанияның қызметімен егжей-тегжейлі таныстырды.

5.jpg

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Инвестициялар комитеті төрағасының орынбасары Сұлтанғали Кинжақұлов елдер арасындағы ынтымақтастықты кеңейту перспективаларына тоқталып, ал Германияның Экономикалық істер және климатты қорғау федералды министрлігінің (BMWK) Сыртқы экономикалық ілгерілету және қаржыландыру департаментінің басшысы Герлинда Хекманн неміс компанияларының Қазақстанға инвестиция салуға мүдделі екенін атап өтті.

Шара соңында сұрақ-жауап өткізіліп, неміс кәсіпкерлері барлық сұрақтарына жауап алды.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге