Баспасөз релиздері

Қазақстан мен Еуропа елдері ынтымақтастықтың жаңа кезеңдерін ашады

Қазақстан мен Еуропа елдері ынтымақтастықтың жаңа кезеңдерін ашады

«KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Қазақстан Республикасының Франциядағы, Литвадағы, Норвегиядағы, Швециядағы Елшіліктерімен және осы елдердің Қазақстандағы елшіліктерімен бірлесіп «Астана халықаралық форумы» аясында, 7-9 маусымда, 2023 жылы Қазақстанда инвестициялық жобаларды іске асырудың одан әрі кезеңдерін пысықтау мақсатында мемлекеттік органдардың, ұлттық және жеке қазақстандық компаниялардың басшыларымен инвесторлар үшін іскерлік кездесулер ұйымдастырылды.

02_Veolia_France2.JPG

Француздық «Total», «Veolia», «Axens», «Alstom», «Air Liquide» Қазақстанмен ынтымақтастықты кеңейтіп, мұнай-химия, энергетика және машина жасау салаларындағы құжаттарға қол қою арқылы келіссөздерді нығайтып жатыр.

МИИР+.JPG

Осылайша, «ҚазМұнайГаз» АҚ мен «Axens» алғашқы интеграцияланған газ-химия кешенін жүзеге асыру аясында одан әрі ынтымақтастықты дамытуға ниетті. Жобаның қуаттылығы жылына 1250 мың тонна полиэтиленді құрайды. Кешен Атырау облысындағы арнайы экономикалық аймақтың аумағында орналасады деп жоспарлануда.

01_Litva_AviaSol+.JPG

Литвалық «Avia Solutions Group» компаниясы индустриялық даму, ғылым және жоғары білім салаларына жетекшілік ететін салалық департаменттермен мазмұнды келіссөздер жүргізе отырып, Қазақстан астанасында Еуразиялық білім беру орталығын құру бойынша «Самұрық-Қазына Инвест» ЖШС-мен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

03_Axens_KMG+.jpg

Норвегиялық «Aker Solutions Group» «ҚазМұнайГаз» АҚ және салалық бизнес құрылымдарымен келіссөздер жүргізіп, оның барысында CCUS технологиялары саласындағы жобаларды бірлесіп жүзеге асыру мүмкіндіктері қарастырылды.

Швецияның Ecolean компаниясы KAZAKH INVEST өкілдерімен қоршаған ортаға ең аз әсер ететін сұйық тағам өнімдерін орау шешімдері жобасын жүзеге асыру үшін келіссөздер жүргізді.

Veolia_France+.JPG

Астанада өткен келіссөздердің негізгі бағыты 2060 жылға дейінгі Қазақстанның көміртегі бейтараптығына қол жеткізудің бекітілген Стратегиясын жүзеге асыруға шетелдік компаниялардың белсенді ынтымақтастығы мен қосқан үлесі болды. Стратегия ұлттық тәсілдерді, экономика секторларын декарбонизациялау және дәйекті трансформациялау жөніндегі мемлекеттік саясаттың стратегиялық бағытын айқындайды.

Өршіл климаттық мақсаттарға қол жеткізу Қазақстан үшін үлкен сынақ болып табылады. Парниктік газдар шығарындыларын азайту өндіріс пен тұтыну үлгісін түбегейлі өзгертуді, қазбалы энергетикалық ресурстарды тұрақсыз жағудан көміртекті технологияларға жылдам және тиімді көшуді, ауқымды технологиялық жаңғыртуды және ұлттық экономиканың барлық секторларына жасыл инвестицияларды тартуды талап етеді.


Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге