Баспасөз релиздері

KAZAKH INVEST Қазақстан Республикасының Қытайдағы Елшілігімен бірлесіп Қазақстан – Қытай (Шыңжаң) кәсіпкерлер форумын өткізді

KAZAKH INVEST Қазақстан Республикасының Қытайдағы Елшілігімен бірлесіп Қазақстан – Қытай (Шыңжаң) кәсіпкерлер форумын өткізді

2022 жылдың 20 қыркүйегінде Үрімші қаласында (Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы, Қытай) VII ЭКСПО «Қытай-Еуразия» ірі сауда-экономикалық көрмесі аясында, «KAZAKH INVEST» Қазақстан Республикасының Елшілігімен бірлесіп Қытай, Қазақстан-Қытай (Шыңжаң) кәсіпкерлер форумы ұйымдастырды.

Қытай тарапынан екі жақты форумды ҚХР Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы (ШҰАР) халық үкіметі мен ШҰАР-ның Қытай халықаралық саудаға жәрдемдесу кеңесі (ХҚТК) ұйымдастырды.

Шараны облыстың бірінші басшысы, ҚХР ШҰАР партия комитетінің хатшысы Ма Синжуй ашып, ШҰАР-ның облыс пен Қазақстан Республикасы кәсіпорындары арасында өзара тиімді инвестициялық, сауда-экономикалық ынтымақтастықты белсенді орнатуға мүдделі екенін білдірді.

Форумда Қазақстан тарапынан Атамекен ҰКП Төралқа Төрағасы Райымбек Баталов, «QazTrade» АҚ бас директоры Азамат Асқарұлы, Қазақстан Республикасының Қытайдағы Елшілігінің кеңесшісі Сұлтан Кінжақұлов, «Самұрық-Қазына» АҚ дамыту және жекешелендіру жөніндегі басқарушы директоры Ернар Жанәділ, «Самұрық-Қазына Инвест» ЖШС бас директоры Сәкен Абильмажинов сөз сөйледі.

Қазақстандық спикерлер Қазақстан Республикасы мен ШҰАР кәсіпорындары арасындағы іскерлік мүмкіндіктер мен ынтымақтастық перспективаларымен таныстырды. Сонымен қатар, сауда-экономикалық көрмелер мен іс-шараларға өзара қатысуды, өзара сауданы дамытуды, қазақстандық дайын өнімнің экспорттық әлеуетін, екі елдің мемлекеттік компаниялары арасындағы ағымдағы ынтымақтастықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ұлттық компанияларының инвестициялық жобаларға қатысу перспективаларын атап өтті.

«KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Мейіржан Юсупов өз сөзінде Қазақстан мен Қытай жан-жақты стратегиялық серіктестікті сақтап қана қоймай, тату көршілік қарым-қатынастарды дамытып отырғанын атап өтті. Ол Қытай компанияларының Қазақстан үшін ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асырудағы басты серіктестерінің бірі болып табылатынын және республиканы индустрияландыруға белсенді атсалысатынын қосты. Ұлттық компания басшысы сонымен қатар қытайлық серіктестерді прогрессивті және өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту үшін Қазақстан экономикасына инвестиция салуға белсенді қатысуға шақырды.

«KAZAKH INVEST» компаниясының Қытайдағы бас өкілі Қуаныш Амантай Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктерімен таныстырып, республикадағы шетелдік инвесторларды мемлекеттік қолдау шараларына кеңінен тоқталды.

Қытай тарапынан Қытай Халық Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшісі Чжан Сяо, Синьцзян Санбао өнеркәсіптік тобының басқарма төрағасы Кан Хэпин, CA Goldwind технологиялық орталығының бас директоры Сунь Ляньхуа, бірінші орынбасары С. Yema Group бас директоры Чэнь Ган, ЕҚДБ Қытайдағы бас өкілі Ли Синьсин және басқа да қонақтар қатысты.

Спикерлер тараптардың қазіргі сауда-экономикалық ынтымақтастығы, ШҰАР-ның экономикалық артықшылықтары, ынтымақтастықты кеңейтудің перспективалы бағыттары туралы айтып, көлік-логистика, агроөнеркәсіптік кешен, энергетика, электронды коммерция, ғылым, химия және техника салаларында жобаларды жүзеге асыруға қызығушылық танытты.

Форумға барлығы 200-ден астам қазақстандық және қытайлық кәсіпорындардың, екі елдің бизнес және сауда-экономикалық құрылымдарының өкілдері қатысты. Оқиғаның онлайн трансляциясын 15 миллионнан астам адам тамашалады.

Форум аясында екі елдің кәсіпорындары цирконий концентратын өндіру, ақылды жылыжай салу және газ блоктарын шығару сияқты жобаларды қоса алғанда, жалпы сомасы 475 миллион доллар болатын 11 коммерциялық құжатқа қол қойылды. Осылайша, «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ ҚХР ШҰАР «Халықаралық саудаға жәрдемдесу жөніндегі Қытай кеңесімен» өзара ынтымақтастықты дамыту туралы Меморандумға қол қойды.

Айта кетейік, биылғы жылдың 19 наурызынан бір күн бұрын құттықтау бейнеролигтерін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Пәкістан Премьер-Министрі Шахбаз Шариф, Венгрия Премьер-Министрі Виктор Орбан, Қырғызстан Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Адылбек Қасымалиев, Тәжікстан Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Давлатали Саидов және басқа да елдердің жоғары лауазымды басшылары түсірді. Қытай тарапынан іс-шараға ҚХР Мемлекеттік кеңесінің вице-премьері Ху Чуньхуа, Қытай Халық Республикасының Сауда вице-министрі Ван Шоувэнь, ҚХР ШҰАР партия комитетінің хатшысы Ма Синруй, сондай-ақ ШҰАР губернаторы Еркін Тунияз қатысты.

ЭКСПО көрмесіне Еуразиялық аймақтың 32 елінен 3 мыңнан астам кәсіпорын қатысуда. Қазақстан «ел – басты қонақ» мәртебесінде ұсынылған.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге