Баспасөз релиздері

KAZAKH INVEST Қоғамдық кеңестің бірінші отырысын өткізді

KAZAKH INVEST Қоғамдық кеңестің бірінші отырысын өткізді

ҚР «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңының ережелерін іске асыру, сондай-ақ Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын және Nur Otan партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасы аясында «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ-да қоғамдық кеңес құрылды.

Қоғамдық кеңестің құрамына қазақстандық ғылыми және бизнес-қоғамдастық өкілдерінен 7 азаматтық қоғам өкілі, сондай-ақ KAZAKH INVEST-тің 3 қызметкері кірді.

Қоғамдық кеңестің бірінші отырысы шеңберінде Қоғамдық кеңестің төрағасы, төралқасы және хатшысы сайланды. Сонымен қатар, кездесу барысында KAZAKH INVEST Ұлттық компаниясының кеңес мүшелерімен өзара іс-қимыл жасау мәселелері талқыланды.

Кездесу барысында KAZAKH INVEST Басқарма төрағасы Мейіржан Юсупов, компанияның Қоғамдық кеңеспен бірлесе отырып белсенді жұмыс жүргізуге, оның ішінде Қазақстанның инвестициялық қызметін дамытудың өзекті мәселелерін қарауға дайын екендігін атап өтті.

Өз кезегінде, қоғамдық кеңес мүшелері компания қызметіндегі ашықтық деңгейін арттыру және ұлттық компания мен қоғам арасындағы ашық диалогты қамтамасыз ету бойынша бірлескен жұмысқа дайын екендіктерін білдірді.

«KAZAKH INVEST «ҰК» АҚ қоғамдық кеңесі мүшелерінің толық тізімімен мына сілтеме бойынша танысуға болады

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге