Баспасөз релиздері

KAZAKH INVEST Қытайда өткен «Ляонин-22» халықаралық инвестициялық және сауда жәрмеңкесіне қатысты

KAZAKH INVEST Қытайда өткен «Ляонин-22» халықаралық инвестициялық және сауда жәрмеңкесіне қатысты

Қарашаның 18 мен 20 аралығында Шэньянда (ҚХР) 3-ші Ляонин халықаралық инвестиция және сауда жәрмеңкесі өтті.

Шараны Қытай Халық Республикасының Сауда министрлігі, Ляонин провинциясының Халықаралық сауданы дамыту комитеті мен Халық үкіметі ұйымдастырып отыр.

Шараға 500-ден астам қытайлық және шетелдік кәсіпорындардың, соның ішінде «Әлемдік топ-500» компанияларының өкілдері қатысты.

Image_20221120140810.jpg

Сондай-ақ, Ляонин жәрмеңкесіне сауда-экономикалық ынтымақтастық бойынша шетелдік ұйымдарының ішінде дәстүрлі қатысушылар болып табылатын JETRO (Жапония) және KOTRA (Корея) компанияларын қоспағанда, «KAZAKH INEVST» ҰК» АҚ алғаш рет қатысты.

Image_20221120140844.jpg

KAZAKH INVEST ұлттық компаниясының павильоны Халықаралық көрме залында орналасты, мұнда келушілерге Қазақстан Республикасының инвестициялық ахуалы және Қазақстан өңірлері арасындағы инвестициялық ынтымақтастықтың әлеуеті туралы ақпарат берілді. Сондай-ақ, KAZAKH INVEST Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынастарды ілгерілету мен дамытуға белсенді атсалысатын ҚР ҰКП «Атамекен» және «QazTrade» АҚ қызметі туралы ақпараттық стендтерін орналастыруды ұйымдастырды.

Жәрмеңке барысында «smart» өндіріс, әртүрлі химикаттар, биофармацевтика, жасыл энергетика және т.б. салаларында жалпы сомасы 499,2 миллиард юань (71 миллиард доллардан астам) болатын 315 жоба бойынша құжаттарға қол қойылды.

Жәрмеңке аясында 9 негізгі іс-шара өткізілді. Оның ішінде Халықаралық жәрмеңкенің ашылу салтанатынан кейін Іскерлік инновациялар және ынтымақтастық конференциясы, Қытайдағы Оңтүстік Корея апталығы (Шэньян), Ляонин-Жапония экономикалық және сауда ынтымақтастығы саммиті, Солтүстік-Шығыс құрлық және теңіз жолы саммиті, жыл сайынғы жеңіл технологиялар бойынша Қытай-Германия конференциясы, сондай-ақ ҚХР аймақтарының көрмелері, жасыл интеллектуалды өңдеу өнеркәсібі өнімдері және сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту үшін шетелдік құрылымдар бар.

Image_20221120140741.jpg

Іс-шара барысында KAZAKH INVEST компаниясының Қытайдағы өкілдігі Ляонин провинциясының Халықаралық саудаға жәрдемдесу комитетінің және Сауда департаментінің басшылығымен кездесу өткізді. Жақын арада аймақтағы компаниялар үшін Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктерін таныстыратын шараны бірлесіп ұйымдастыру туралы келісімдерге қол жеткізілді.

Сондай-ақ, KAZAKH INVEST өкілдігі Бизнес-форумға қатысқан бірқатар жергілікті компаниялармен кездесулер өткізді. Қазақстанда мысты өңдеу, автомобиль өнеркәсібіне арналған құрамдас бөліктерді шығару, медициналық құрал-жабдықтар шығару, ет өңдеу, жеміс-жидек өсіру және тұқым шаруашылығы жобаларына қатысу жобаларын жүзеге асыру мүмкіндіктері талқыланды.

Анықтама: Ляонин провинциясы Қытайдың солтүстік-шығыс аймағындағы ең үлкен провинция болып табылады. Провинция халқының саны 42 миллион адам (Қытай провинциялары арасында 14-орын), аймақтың ЖІӨ (2021 ж.) 2 758,41 миллиард юань (шамамен 394 миллиард доллар), өткен жылы экономикалық өсім 5,8% (Қытайда 17-орын) болды. Провинцияның ірі қалалары: Далянь (111,8 млрд доллар, өсім 11,7%) және орталық Шэньян қаласы (103,5 млрд доллар, өсім 10,32%).

Ляонин қаласында Ansteel Group, қытайлық Brilliance China Automotive Holdings (Қытайдың BMW өндірушісі) және ең ірі алюминий өнімдерін өндірушілердің бірі China Zhongwang Holdings сияқты ірі Forbes Global 2000 компаниялары орналасқан. Сондай-ақ химиялық өнімдерді өндіруші Liaoning Huajing Group, Dalian Shipbuilding Industry кеме жасау компаниясы, сондай-ақ CRRC теміржол пойыздары мен локомотивтерін шығаратын қытайлық зауыттар сияқты ірі компаниялар.

Облыста ауыр өнеркәсіп, металлургия, машина жасау, автомобиль жасау, ауыл шаруашылығы, фармацевтика және медициналық техника, көлік және логистика сияқты салалар дамыған.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге