Баспасөз релиздері

KAZAKH INVEST Think Global Conference ірі халықаралық онлайн-конференциясына қатысты

KAZAKH INVEST Think Global Conference ірі халықаралық онлайн-конференциясына қатысты

KAZAKH INVEST «Think Global Conference» ірі халықаралық конференциясы аясында Қазақстан Республикасының инвестициялық мүмкіндіктері мен инвесторларды мемлекеттік қолдау шараларымен таныстырды. Биыл іс-шараға 16 000-нан астам адам қатысты, олардың төрттен үші әлемдегі ең ірі 500 компанияның өкілі.

Іс-шараның күн тәртібіндегі негізгі мәселелер әлемдік трендтер мен үрдістер, экономикалық дамудың жаңа мүмкіндіктері, заманауи технологиялар, сондай-ақ жаһандық сауда мен инвестицияларға байланысты проблемалар және пандемия кезеңіндегі әлемдік экономиканың өзгеруі болды.

Іс-шарада спикерлер ретінде Сингапур, Швейцария, Ирландия, Испания, Канада, Түркия және т. б. сияқты әлемнің ондаған елдерінен инвестициялар тарту жөніндегі халықаралық агенттіктердің сарапшылары сөз сөйледі.


Өз сөзінде «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Басқарушы директоры Жандос Темірғали қатысушыларды Қазақстанға инвестициялар тарту жүйесінің жаңалықтарымен, инвестициялық мүмкіндіктермен, инвестицияларды мемлекеттік қолдаудың өзекті шараларымен және ірі инвесторлардың жобаларды сәтті іске асыру кейстерімен таныстырды.

«Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктерін әлемнің көптеген ірі трансұлттық компаниялары жоғары бағалады. Қазақстанның ірі инвесторларының тізіміне тау-кен өндіру және мұнай-газ саласының кәсіпорындары ғана емес, жеңіл және тамақ өнеркәсібі, химия және машина жасау саласының компаниялары, сондай-ақ түрлі елдердің ондаған инфрақұрылымдық және көлік компаниялары кіреді.

Осы жылдың қаңтарында Қазақстан Үкіметі мемлекеттік қолдаудың жаңа тұжырымдамалық құралын - басым салалардағы ірі жобаларға арналған инвестициялар туралы келісімді ұсынды. Келісім корпоративтік табыс салығын, жер салығын және мүлік салығын төлеуден босату, жабдықтардың бажсыз импорты және мемлекеттік заттай гранттар сияқты бірқатар салықтық жеңілдіктер мен ынталандыруларды көздейді», - деп атап өтті Жандос Темірғали.

Халықаралық сауда кеңесі өткізетін «Think Global Conference» конференциясы 1982 жылдан бастап халықаралық сауда мен инвестициялар үшін мүмкіндіктерді кеңейту мақсатында әлемнің түкпір-түкпірінен компаниялар мен мемлекеттік ұйымдар басшыларын біріктіруде негізгі рөл атқаратынын атап өткен жөн. Биыл іс-шара 12-15 сәуір аралығында жалғасады. Төрт күндік конференция барысында инвестицияларды тарту мәселелерінен басқа келесі тақырыптарды талқылау жоспарлануда: сауданы қаржыландыру және экспортты сақтандыру, еркін сауда, құқықтық мәселелер, интернет-сату, патенттер, тауар белгілері және құқықтық қорғаудың басқа құралдары, маркетинг, брендинг, логистика және т. б.


Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге