Баспасөз релиздері

KAZAKH INVEST Renewable Energy Summit 2019 шеңберінде ЖЭК мемлекеттік қолдау шараларын презентациялады

KAZAKH INVEST Renewable Energy Summit 2019 шеңберінде ЖЭК мемлекеттік қолдау шараларын презентациялады

KAZAKH INVEST Нұр-Сұлтан қаласында Renewable Energy Summit 2019 шеңберінде жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК) саласындағы жобалардың инвестициялық әлеуетін және оларды мемлекеттік қолдау шараларын презентациялады.

Форум барысында «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасының Орынбасары Біржан Канешев 2019 жылдың 9 айы бойынша «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ қолдауымен ЖЭК саласында жалпы қуаттылығы 250 МВт болатын 5 жоба іске қосылды. Осылайша, қыркүйек айында қолданысқа 3 жаңа күн электрстанциялары (КЭС) жобалары қолданысқа берілді. Екі жобаны Universal Energy компаниясы іске асырды: Алматы облысындағы қуаттылығы 100 МВт және Шығыс Қазақстан облысындағы қуаттылығы 30 МВт күн электрстанциялары. Бүгін Қарағанды облысы Ағадыр ауылында қуаттылығы 50 МВт күн электростанциясы қолданысқа берілді, жобаның инвесторы ретінде «Solarnet Investment GmbH» неміс компаниясы қатысты. Аталған компания үшін бұл Қарағанды облысының өңіріндегі ЖЭК саласындағы екінші жоба. Бұдан бұрын 2018 жылы компания Сарань қаласында қуаттылығы 100 МВт болатын күн электрстанциясының құрылысы жқніндегі жобаны іске асырды.

Бұдан басқа, 2019 жылдың соңына дейін «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ қолдауымен ЖЭК саласында тағы 4 станцияның қолданысқа берілуі жоспарлануда.

Жаңартылатын энергия көздері жқніндегі III Халықаралық Саммит жұмысына (Renewable Energy Summit 2019) Қазақстан, Ресей, Қытай, Оңтүстік Корея, Украина, Ұлыбритания, Израиль, Кувейт, Қырғызстан, Франция, Түркия, Германия, Өзбекстан, Испания, Грузия елдерін қоса алғанда әлемнің 15 мелекеттерінен 300-ден астам қатысушылар қатысты.

Саммит мақсаты – жаңартылатын энергия көздерін «қолдану» немесе «қолданбау» мәселелерін талқылау, сондай-ақ, еліміздің және әлем қауымдастығының «жасыл» болашағын құруға үлес қосуға негізделген үздік идеялар мен тиімді шешімдерді жүзеге асыру.

Іс-шараның басты ұйымдастырушысы ретінде «жасыл» экономиканы дамытуға қызығушылық танытқан бірлескен компаниялар коммерциялық емес ұйымы – Қазақстанның жаңартылатын энергетика қауымдастығы, Саммиттің қос-ұйымдастырушысы ретінде Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті-Елбасы Қоры қатысты.

ЖЭК III Саммиті ұйымдастырушысы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қолдауымен KAZENERGY Қауымдастығы болып табылатын KAZENERGY Еуразиялық Форумының KAZAKHSTAN ENERGY WEEK 2019/XII шеңберінде өткізілді деп атап өту қажет.

Толық ақпарат - www.resummit.kz ресми сайтында.

 

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге