Баспасөз релиздері

Kazakh Invest ПХЭФ-2019 аясында Қазақстанның инвестициялық әлеуетің таныстырды

Kazakh Invest ПХЭФ-2019 аясында Қазақстанның инвестициялық әлеуетің таныстырды

Қазақстан делегациясы Петербор халықаралық экономикалық форумына қатысты. Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің қатысуымен өтетін экономикалық іс-шара барысында «Kazakh Invest» ҰК» АҚ-ның өкілдері Ресейдегі жетекші компаниялармен және ұйымдармен бірқатар келіссөздер жүргізді.

Осылайша, "ВИС Групп" холдингімен өткен келіссөздер барысында инфрақұрылым саласындағы ынтымақтастық мүмкіндіктері талқыланды. Компания Ресей мен Еуропаның 23 қалаларында 70-ден астам ірі энергетикалық, өнеркәсіптік, көлік, әлеуметтік және мұнай-газ инфрақұрылымы объектілерін құрды.

Сондай-ақ, құс еті, шошқа еті және жемшөптің ірі өндіруші және өңдеуші «Группа Черкизово» ЖАҚ өкілідерімен кездесу өткізілді. Шетел тарапы ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорттық әлеуетін ЕАЭО елдерінің және Қытай нарығына жеткізудің маңыздылығын атап өтті. Нәтижесінде құс еті мен шошқа етін өндіру саласындағы нақты жобалар бойынша келіссөздер жүргізілді.

Жоғары технологиялық жылыжай кешендерін салумен айналысатын жапондық «United Managers Japan» компаниясымен келіссөздердің қорытындысы бойынша, инвесторлар бастапқы кезеңде 10 гектарға жылыжай салуға ниетін білдірді. Жобаны ойдағыдай іске асырған жағдайда компания өзінің қатысуын кеңейтуге дайын. Айта кету керек, 2019 жылы Қазақстанда жылыжай шаруашылығы саласында ауқымды жобаларды іске асыру басталады. Ресейлік "ЭКО-культура" компаниясы Қазақстанда ең ірі жылыжай кешенін салуды жоспарлап отыр. 500 гектарлық жылыжайдың жалпы құны 1,1 млрд. АҚШ долларын құрайды. Ал түрік инвесторлары 200 млн. доллар тұратын 200 гектар жылыжай салуды жоспарлап отыр.

Сондай-ақ, ұлттық компаниясының өкілдері іс-шараның ұйымдастырушылары - Россонгресс қорының басшылығымен кездесті. Қор Ресейдегі когресстік және көрме іс-шараларын ұйымдастыратын ірі компаниялардың бірі. Қол жеткізілген келісімдер меморандуммен бекітілді, оған сәйкес тараптар ірі инвестициялық іс-шараларды өткізу туралы ақпарат алмасуға және олардың ұйымдастырылуына және қатысуына қолдау көрсетуге келісті.

Айта кету керек, Петербор халықаралық экономикалық форумы 1997 жылдан бері өткізіліп келе жатыр. Форум жылдар бойы бизнес-өкілдердің кездесулері үшін, дамушы нарықтарға және тұтастай әлемге бет алған негізгі экономикалық мәселелерді талқылауға арналған жаһандық платформаға айналды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, биылғы жылы ПХЭФ-2019-ға 143 елден 17 мыңнан астам қонақтар қатысты.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге