Баспасөз релиздері

Kazakh Invest «COIFAIR 2018» жыл сайынғы инвестициялық форумында Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктерін таныстырды

Kazakh Invest «COIFAIR 2018» жыл сайынғы инвестициялық форумында Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктерін таныстырды

2018 жылғы 15-16 қыркүйекте Бейжіңде «Kazakh Invest» ҰК» АҚ ҚХР-дағы Өкілдігі жыл сайынғы «Қытайдағы шетел инвестицияларының 10-шы жәрмеңкесі» (China Overseas Investment Fair 2018) халықаралық инвестициялық форумының жұмысына қатысты. Іс-шараны ҚХР Мемлекеттік даму және реформалар комитеті мен Қытайлық шетелдегі индустриалдық даму қауымдастығы ұйымдастырды.

Дәстүрлі түрде форумға 900-ден астам қытайлық компаниялар, шетелде жобаларды инвестициялау және іске асыру тәжірибесі бар даму институттары мен қаржы ұйымдарының басшылары мен өкілдері қатысты. Сондай-ақ Форум жұмысына 96 ел мен өңірлер өкілдері қатысты. Барлығы Форумға 5 мыңнан астам адам келді.

2018 жылғы 15 қыркүйекте Форумның ашылу рәсімінде ҚР ҚХР-дағы Елшісі Шахрат Нұрышев кіріспе сөз сөйледі. Ол жан-жақты стратегиялық әріптестіктің сәтті дамуын, экономика және сауда саласындағы ынтымақтастықты тереңдетуді, екіжақты инвестициялық ынтымақтастықты жалғастыруды атап өтті.

2018 жылғы 16 қыркүйекте Kazakh Invest» ҰК» АҚ ҚХР-дағы Өкілдігі Форумының аясында ҚХР-дағы ҚР Елшілігінің және ҚХР Даму және реформа мемлекеттік комитетінің қолдауымен шетелде Қытайлық индустриалдық даму қауымдастығымен бірлесіп Қазақстандық-қытайлық индустриалдық-инвестициялық ынтымақтастыққа арналған арнайы сессия өтті.

«Kazakh Invest» ҰК» АҚ Өкілі Қуаныш Амантай осы сессия аясында ҚР экономикасының басым саласы мен инвестициялық климатын, шетел инвесторлары үшін жеңілдіктер мен преференциялар, ҚР еркін экономикалық және индустриалдық аймақ аясындағы мүмкіндіктерді таныстырды.

«Kazakh Invest» ҰК» АҚ Өкілдігінің шақыртуы бойынша, сессияда таныстырылыммен, «Астана» халықаралық қаржы орталығының өкілі де сөз сөйледі. Қазақстандық сессия қонақтарына халықаралық қаржы орталығының жұмыс істеуінің ерекше жағдайлары, қолайлы юрисдикция, оның қатысушыларына берілетін жеңілдіктер мен преференциялар, таяу уақытта іске қосу жоспарланған қаржы аспаптары, Қазақстанда іске асырылып жатқан бірлескен жобалар үшін қаржыландыруды тарту бойынша қытайлық компанияларға ашылып жатқан мүмкіндіктер таныстырылды.

Сессияда сондай-ақ Қытайдың Мемлекеттік даму банкі, «Жібек жолы» қоры, «CITIC Group», «China Nonferrus Metal Industry's Foreign Engineering and Construction (NFC)», «Daqing Golden Land Water Saving Engineering Equipment», «Hubei Kelison» сияқты компаниялар мен қытайлық жетекші қаржы институттарының басшылары қатысты.

Қытайлық спикерлер сессия қатысушыларымен қазақстандық қаржы институттары және іскерлік әріптестермен сәтті ынтымақтастық тәжірибесімен бөлісті. Минералдық ресурстарды қайта өңдеу, жоғары қосымша құнмен өнімді өндіру, көліктік және өнеркәсіптік инфрақұрылымдар құрылысы, ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеу, тағам өнімдерін өндіру, инвестициялық жобаларды бірлесіп қаржыландыру бойынша Қазақстан аумағында іске асырылған және іске асырылып жатқан жобалар таныстырылды. Қазақстандық сессияға барлығы 150-ден астам адам қатысты.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге