Баспасөз релиздері

Қазақстан-Корея инвестициялық форумы барысында кұны $ 113 млн. меморандумдар түзелді

Қазақстан-Корея инвестициялық форумы барысында кұны $ 113 млн. меморандумдар түзелді

Қазақстан-Корея инвестициялық форумы аясында «KAZAKH INVEST» Ұлттық компаниясы» жалпы құны 113 млн доллар меморандумдарға қол қойды. Кұжаттар аясында экономиканың түрлі салаларында инвестициялық жобалар іске асырылып, 2000-нан астам жаңа жұмыс орнын ашылу мүмкін.

Осылайша, өзара түсіністік туралы меморандум шеңберінде OKPOS KZ телекоммуникациялық компаниясы Қазақстанда POS жүйелерін әзірлеу және жеткізу бойынша жобаға инвестиция салу мүмкіндігін қарастыруға ниетті. «K2AT» ЖШС мен KAZAKH INVEST арасында түзелген меморандум аясында шетелдік компания Каспий теңізінің суын тұщыландыру және органикалық тыңайтқыштарды өндіру, Арал теңізі маңында ақылды ауыл шаруашылығы өндірісін салу және технологиялық парк құру секілді заманауи жобаларды жүзеге асыруды көздейді. Жобаларды іске қосу шамамен 2000 жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Кореялық «MAIN INFO» компаниясы меморандум аясында жоғары технологиялық нарықты дамыту, оның ішінде жасанды интеллект пен ұшқышсыз автокөліктерді жасау жоспарлап отыр. Өз кезегінде Woori Financial Group мен KAZAKH INVEST арасындағы екі жақты ынтымақтастық тығыз коммерциялық байланыстарды дамытуға, сондай-ақ бизнестің өсіп өркендеуіне негіз болады.

Бірқатар спикерлер өз сөзіндерінде Қазақстан Республикасының қолайлы инвестициялық ахуалы туралы атап өтті. «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Р.Исатаевтың айтуынша, елде инвестиция құю үшін жасалған жағдай, шетелдік инвестициялардың өсуіне ықпал етеді. «Бүгінгі таңда 4,8 млрд. доллар құрайтын әр-түрлі саттарыңда тұрған кореялық бизнесмендердін қатысуымен жасалып жатқан 42 инвестициялық жоба бар. Оның ішінде 2,4 млрд. АҚШ доллары құрайтын 20 жоба қазіргі таңда іске асырылды. Ең ірі жобалардың ішінде «LG Electronics», «Kolon», «Dong-il Constraction», «KNOC», «Lotte Confectionary» секілді компаниялардың  жобалары. Бұдан бөлек жалпы құны 2 млрд. АҚШ доллары құрайтын 6 жоба іске асырылып жатыр, ал жалпы соммасы 670 млн. АҚШ доллары құрайтын 16 жоба зерттеу кезеңінде тұр», - деді Рустам Исатаев.

Қазақстан-Корея инвестициялық форумы шеңберінде «ҚАЗАҚСТАН МЕН КОРЕЯ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРЫ БОЙЫНША СЕМИНАР» атты инвестициялық семинар өткізілді. Шара барысында Оңтүстік Кореяның инвесторларына Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері туралы толық ақпарат ұсынылды. Семинарға Hyundai Metal, Daewoo Shipbuilding & Marine Engineering, Asia Seed, UROBO, DTR Corporation, Redone Company, Hanwha Corporation және тағы басқа қазақстандық және корейлік компаниялардың өкілдері қатысты.


Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге