Баспасөз релиздері

KAZAKH INVEST: Қазақстан экономикасына итальяндық инвестиция көлемі 6,6 млрд. АҚШ салынған

KAZAKH INVEST: Қазақстан экономикасына итальяндық инвестиция көлемі 6,6 млрд. АҚШ салынған

2019 жылы 13 қарашада Нұр-сұлтан қаласында Италия Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Манлио Ди Стефаноның Қазақстанға жұмыс сапары аясында алғашқы Қазақстан-итальян бизнес-форумы өтті.

Нұр-Сұлтанда алғашқы Қазақстан-итальян бизнес-форумы өтті. Италия Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Манлио Ди Стефаноның Қазақстанға жұмыс сапары аясында ұйымдастырылған іс-шараға екі елдің іскер топтарының, ұлттық компаниялардың, мемлекеттік органдарының 200-ден астам өкілдері қатысты.

Форум барысында Энергетика, ЖЭК, мұнай-химия, өңдеу өнеркәсібі және АӨК саласындағы жобаларды дамыту перспективалары талқыланды. Қазақстанда қызметін жүзеге асыратын итальяндық бизнесмендер біздің еліміздегі қызметтен алған әсерлерімен бөлісіп, Италияның іскерлік қауымдастығының өкілдеріне Қазақстан Республикасындағы іскерлік мүмкіндіктерді зерделеуді ұсынды, өйткені инвесторлар үшін жағдай қолайлы деп танылды.

Өз сөзінде Италияның сыртқы саяси ведомствосы басшысының орынбасары Манлио Ди Стефано Тәуелсіздік және нарықтық экономикаға өту жылдары Қазақстан экономиканың тұрақты дамуы мен қолайлы инвестициялық ахуалды қамтамасыз ете отырып, айтарлықтай табыстарға қол жеткізгенін, Қазақстан мен Италия арасындағы табысты және тиімді қарым-қатынастардың жоғары деңгейіне қол жеткізгенін                  атап өтті. 

«Бүгінгі бизнес-форум екі ел арасындағы экономикалар мен іскерлік байланыстарды дамытуға серпін беретініне сенімдімін. Бізде сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту үшін үлкен мүмкіндіктер бар», - деді Мандлио Ди Стефано мырза.

Өз кезегінде, ҚР СІМ Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Ерлан Хаиров екі елдің бизнесмендерін іскерлік байланыстарды белсенді жолға қоюға және инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға шақыра отырып, Қазақстан мен Италия инвестициялық ынтымақтастықты арттыру үшін үлкен әлеуетке ие екенін атап өтті. 

«Біздің елдеріміз арасында экономикалық салада, әсіресе баламалы энергетика, ауыл шаруашылығы және цифрландыру сияқты үш басым секторларда екі жақты әріптестікті кеңейту мен тереңдету үшін айтарлықтай әлеует бар. Біздің елімізде «KAZAKH INVEST» ұлттық компаниясы жұмыс істейді, ол ағымдағы және әлеуетті шетелдік инвесторлар үшін «бір терезе» қағидаты бойынша жұмыс істейді, инвестициялық жобаларды идеядан оны іске асыруға дейін сүйемелдеуді қамтамасыз етеді. Жалпы, шетелдік және ұлттық инвесторларға жан - жақты қолдау көрсетуге дайын екенімді білдіремін», - деді спикер.

Форум барысында машина жасау және тамақ өнімдері жобаларын жүзеге асырудағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, қазақстандық тарап форум алаңында өздерінің мүмкіндіктерін таныстырумен қатар, B2B форматында итальяндық серіктестермен бірқатар жұмыс кездесулерін өткізді.

Мысалы, «Павлодар «Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ өкілдері «Naba Carni» компаниясының басшылығымен Павлодар өңірі аумағында жылқы етін қайта өңдеу бойынша бірлескен жобаны жүзеге асыру туралы келіссөздер жүргізді.  Сондай-ақ, Павлодар ӘКК делегациясы мен «Rota Guido» компаниясы арасында агро-өнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы инвестициялық жобаны қарау туралы келісімге қол жеткізілді.

Бірінші қазақстандық-итальяндық бизнес форумның Қазақстан Республикасындағы Италия Республикасының Елшілігі, "KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ, «Самұрық-Қазына ҰӘҚ» АҚ және «ITA italian trade agency» компаниясы. ұйымдастырушылар болды.

Естеріңізге сала кетейік, Италия Еуропа Одағы елдері арасында Қазақстанның ірі сауда әріптесі және еліміздің экономикасына жетекші инвесторлардың бірі болып табылады.

Бүгінде Қазақстан экономикасына салынған итальяндық инвестициялардың көлемі 6,6 млрд. АҚШ құрады. 

Қазақстанның Италиямен сыртқы сауда айналымы 2019 жылдың 8 айында                 6,7 млрд долларды АҚШ құрады.. Жалпы, Қазақстанда итальяндық капиталдың қатысуымен 270-ке жуық компания жұмыс істейді.

Форум барысында тараптар қол жеткізілген келісімдер мен қабылданған шешімдер екіжақты экономикалық ынтымақтастықты жандандыру үшін серпін бергенін, сондай-ақ екі мемлекеттің іскер топтарының әріптестігінің жаңа мүмкіндіктері мен перспективаларын белгілегенін өтті.

Анықтама: 

Қазақстан экспорты отын-шикізат бағытын білдіреді (шикі мұнай мен газ конденсаты, битуминозды минералдардан алынған мұнай өнімдері, мазут, сондай-ақ бидай. Маңыздылығы бойынша екінші топ металдар мен олардан жасалған бұйымдар (мырыш, алтын, мыс және ферроқорытпа) болып табылады. 

Италиядан импортталатын негізгі тауар топтары халық тұтынатын тауарлар болып табылады, сондай-ақ машиналар мен жабдықтар басым.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге