KAZAKH INVEST Эр-Риядтағы Future Minerals форумында

2025 жылдың 14-16 қаңтарда Эр-Рияд қаласында (Сауд Арабиясы Корольдігі) Future Minerals Forum (FMF) өтті. Іс-шараға Қазақстан тарапынан ҚР өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев, ҚР КСА-дағы Елшісі Мадияр Менилбеков, «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Басқарушы директоры Азамат Қожанов және т. б. қатысты.
Форум аясында делегация Сауд Арабиясының инвестициялар министрі Халид Әл-Фалихпен, сондай-ақ «ACWA POWER», «Ivanhoe Electric» және «BHP» сияқты Сауд Арабиясы компанияларының басшыларымен кездесулер өткізді.
Мәселен, Сауд Арабиясының Инвестициялар министрімен кездесу барысында ТМК және энергетика сияқты салаларда Қазақстан-Сауд ынтымақтастығын одан әрі кеңейту мәселелері талқыланды. ACWA POWER және Ivanhoe Electric компаниясының басшылығымен кездесу аясында тараптар экономиканың түрлі салаларындағы экономикалық әріптестік мәселелерін талқылады.
BHP компаниясының басшылығымен кездесуде инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективалары талқыланды, сондай-ақ Қазақстанның металлургия өнеркәсібінің әртүрлі бағыттары мен осы саладағы мүмкіндіктері, оның ішінде ағымдағы Корпоративтік даму стратегиясы және ел экономикасына шетелдік капиталды ынталандыру мен тартуда қабылданатын үкімет шаралары бойынша әлеуеті ұсынылды.
FMF-әлемнің 145 елінен 13 мыңнан астам делегат жинаған минералды шикізат саласының болашағын талқылауға арналған жетекші алаңдардың бірі. Форум сирек және сирек жер элементтер секторының болашағына қатысты мәселелерді талқылауға арналған орын ретінде қызмет етеді. Атап айтқанда, бұл сыни минералдар бойынша жаһандық стратегияны айқындау, озық технологиялар мен тәжірибе алмасу, өндіріс пен жеткізудің жаңа тұрақты тізбектерін құру, сондай-ақ Африка, Батыс және Орталық Азия аумағында «жасыл» металдар хабын қалыптастыру.